Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Аудан бойынша АИТВ- инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының өсуіне байланысты» Түркістан облысы орталықтандырылған мамандарының қатысуымен үйлестіру кеңесі өткізілді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова жүргізіп отырды. Облыстан келген мамандар бұл инфекциямен облыста 2023 жылы 128 азаматтың тіркелгенін айтып, 2022 жылмен салыстырғанда өсім барын, жастар арасында оның өсім қаупі жоғары екенін айтты.
Жиын барысында сондай ақ, залдан мамандарға сауалдар қойылып, оғпн нақты жауаптар қайтарылды. Сонымен бірге мамандар тарапынан бұл эпидемиялық жағдайдың алдын алуға қатысты көптеген ұсыныстар айтылды.
Өз тілшімізден.
і.