Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
3 КӘСІПКЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "AURORA TECH AWARD – 2024" БАЙҚАУЫНЫҢ ШОРТ-ЛИСТІНE ЕНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » 3 КӘСІПКЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «AURORA TECH AWARD – 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ШОРТ-ЛИСТІНE ЕНДІ

3 КӘСІПКЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «AURORA TECH AWARD – 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ШОРТ-ЛИСТІНE ЕНДІ

       inDrive компаниясының негізін қалаған Aurora Tech Award 2024 сыйлығы байқаудың шорт-листін жариялады. Оған 20 стартап негізін қалаушы-әйелдер кірді, оның 3-і Қазақстанның өкілдері. Байқауға 102 елден барлығы 649 өтінім келіп түсті. 
      Шорт-листке енген Қазақстан өкілдері келесідей:
  • Надежда Анпилогова, Your Accessible Guide негізін қалаушы;
  • Айдана Айтуарова, Porte Tech негізін қалаушы;
  • Әсем Тажиева, Ozim платформасының негізін қалаушы.
         2024 жылғы жеңімпаздарды IT-кәсіпкерлер, өткен жылғы Aurora Tech сыйлығының жеңімпаздары және әлемнің әйгілі салалық сарапшылары таңдайды. Жеңімпаздардың есімдері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні белгілі болады. Олар 1-ші, 2-ші және 3-ші орын үшін сәйкесінше $30,000, $20,000 және $10,000 ақшалай сыйлықтарға ие болады. Рәсімді тамашалау үшін осында тіркелу керек.
        Your Accessible Guide – мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді туризмді ілгерілетуге арналған инклюзивті цифрлық өнімдердің экожүйесі.
        «Біз жұмысымызда, картаға ерекше қажеттіліктері бар туристерге қолжетімді бағыттар мен нүктелерді түсіріп, зерттелмеген континентті тауып жатқан сияқтымыз. Ал, теңдік пен инклюзия идеяларын қолдайтын мұндай жарыстаржелкенімізге соққан жел. Біз Aurora Tech Award сыйлығының шортлистіне енгенімізге өте қуаныштымыз және марапат сарапшылары мен тәлімгерлерінің көмегімен жобаны дамытуға маңызды қадамдар жасай аламыз деп үміттенеміз. Байқау алаңынан адамдар біз туралы неғұрлым көп естісе, соғұрлым олар туризмдегі инклюзия және қолжетімділік тақырыбымен көбірек танысады, және де саяхатты барлығына қолжетімді ете алады», — дейді жобаның негізін қалаушы Надежда Анпилогова.
         Porte Tech – RFID карталарын, автотұрақ пульттерін, қағаз рұқсаттарын және магниттерді бір қолданбаға біріктіру арқылы шығындар мен уақытты азайтуға көмектесетін, ESG-ге бағдарланған, автоматтандырылған «есік кілті» бар веб-қосымшасы.
           «Шортлистке енгеніме таң қалдым, конкурс халықаралық, және шортлистке кіру үлкен мәртебе, қай компанияда екенімді тезірек білгім келеді. Неліктен мен өтінім беруді шештім —- әрине, мен жүлде қорын алғым келеді, бірақ сонымен қатар мен өз бизнесіміздің мәнін көрсеткім келді, көбінесе байқауларға қатысқан кезде әлеуметтік жоба болғандықтан біз жүлделі орынға ие болмайтынбыз. Бірақ дұрыс бағыты мен мақсаты бар бизнесте өте маңызды деп есептеймін. Porte-де біз әдеттерді өзгертеміз, процестерді тиімді етіп жасаймыз және пластикалық карталар түріндегі қажетсіз шығындарды алып тастаймыз», – деп түсіндіреді жобаның негізін қалаушы Айдана Айтуарова.
          Әсем Тажиева, Ozim платформасының — ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларды зерттеу негізінде білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаның, негізін қалаушысы: «Мен соңғы күнге дейін Aurora Tech Award сыйлығына қатысуға шешім қабылдай алмай жүрдім. Бұл үлкен халықаралық байқау болғандықтан, оған қатысу бізге қиын болады деп ойладым. Өтінішімді 15 минутта тіркегенімде мен таң қалдым. Біздің шортлистке енгенімізді және финалистер қандай артықшылықтарға ие екенін білгенде, мен қатты қуандым, өйткені дәл қазір бізге инвестицияны қаржыландыру, бизнесмодельдер және масштабтау саласындағы тәлімгерлер қажет. Мен байқауда жеңіске жетіп, ақшалай сыйлық ұтып аламын деп үміттенемін, оны ерекше қажеттіліктері бар балалардың атааналарына арналған Ozim платформасы мобильді қосымшасын әзірлеуге жұмсаймын».
           Екатерина Смирнова, Aurora Tech Award сыйлығының атқарушы директоры: «Біздің венчурлық серіктестеріміз қиындықтарға қарамастан өз қауымдастықтарындағы өмір сапасын жақсартып келе жатқан IT көшбасшы әйелдердің қатысуының артып келе жатқанын көрсететін барлық өтінімдердің әрқайсысын мұқият бағалады. Биылғы марапаттар осы құрылтайшылардың жұмысын ерекше көңіл аударып, сонымен қатар жобалардың әртүрлілігін және жергілікті үлгілердің өзгерістерді ынталандырудағы маңызды рөлін атап өтеді. inDrive командасы IT саласындағы гендерлік теңдікті барынша қолдайды. Біз әйелдерді олардың жетістіктерін мойындайтын марапаттар арқылы танып, қолдайтынымызды мақтан тұтамыз, және біз олардың елеулі үлестерін белсенді түрде насихаттаймыз» деп атап өтті.
          Қазылар алқасының танымал мүшелері: Садаффе Абид (Sadaffe Abid) ханым, әлеуметтік кәсіпкер және Kashf қорының бас директоры (Пәкістан); Леонор Коньо (Leonor Cogneau), Carsome (Малайзия) пайдаланушы тәжірибесінің жетекшісі; Май Медхат (Mai Medhat), Eventtus компаниясының бас директоры және негізін қалаушы (Мысыр); Шарло Магайи (Charlot Magayi), Mukuru Clean Stoves негізін қалаушы және бас директоры (Кения); Саллиен Алмейда (Sullyen Almeid), monashees директоры; және inDrive компаниясының бас заң кеңесшісі Татьяна Терентьева.
         2024 жылғы сыйлық жеңімпаздары 2024 жылдың 8 наурызында auroratechaward.com  сайтында онлайн рәсімде жарияланады.
         2024 Aurora Tech Award сыйлығының шортлистіне үміткерлер тізімі: :
         Даниэлла Кастро (Daniella Castro), Бразилия: әйелдер арасында созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жасанды интеллекттің озық үлгілерін әзірлеуге бағытталған Huna стартапының бас директоры.
  1. Marwa Hage (Marwa Hage), Колумбия: оның Munily App стартапы қауіпсіз және байланысқан қауымдастықтар құру үшін бағдарламалық құралды пайдаланады.
  2. Кэндис Чен (Candace Chen), Тайвань: Азиядағы қалалық үй жануарлары иелеріне арналған үй жануарларын күту Fluv маркетплейсінің бас директоры және негізін қалаушысы.
  3. Джозелин Дель Росарио (Joselyne Del Rosario), Эквадор: оның DREx стартапыS.G. гринвошинг тәжірибелерін болдырмайтын, бақылау және ашықтықты жақсартатын, тұрақты қаржы әлеуетін ашатын платформа әзірлеуде.
  4. Надежда Анпилогова (Nadejda Anpilogova), Қазақстан: мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді туризмді дамытуға арналған инклюзивті цифрлық өнімдердің экожүйесі – Your Accessible Guide бағдарламасының негізін қалаушысы.
  5. Мария Дмитриева (Maria Dmitrieva), Қазақстанда орналасқан: экологиялық, әлеуметтік, аспекттер мен басқарушылықты (ESG) бағалау мен ақпаратты ашуға бизнеске революциялық іскерлік көзқарасты ұстанатын EcoDisclosure жетекші компаниясының бас директоры және негізін қалаушысы.
  6. Сандра Монтес Перес (Sandra Montes Pérez), Испания: оның ScrapAd стартапы – 70 елде қолжетімді қайта өңдеуге болатын тауарларды сатып алуға және сатуға арналған платформа.
  7. Паула Монтичелли (Paula Monticelli), Аргентина: өзінің CryptoMate стартапымен ол инновациялық цифрлық шешімдерді жасау арқылы web3-ке қолжетімділікті жақсартқысы келеді.
  8. Rim Jourdan (Rim Jourdan), БАӘ: оның Skatch стартапы – көк және сұр жағалы қызметкерлерге арналған кәсіби платформа. Таяу Шығыс пен Африка аймағына назар аудара отырып, Skatch техникалық мамандарға, көк жағалы қызметкерлерге, сату мамандарына және білімі төмен басқа мамандарға жасанды интеллект, ойын және қауымдастық құру арқылы жұмыс тауып, біліктілікті арттыруға көмектесуді мақсат етеді.
  9. Айдана Айтуарова (Aidana Aituarova), Қазақстан: Porte Tech негізін қалаушы ретінде ол туған қаласының тұрақты дамуына үлес қосуда. Оның компаниясының веб-қолданбасы автоматтандырылған «есік кілті» бар ESG бағдарланған веб-бағдарламасы RFID карталарын, автотұрақ пульттерін, қағаз рұқсаттарын және магниттерді бір қолданбаға біріктіру арқылы шығындар мен уақытты азайтуға көмектеседі.
  10. Ханна Теплер (Hannah Töpler), Мексика: Intrare негізін қалаушы және бас директоры. Intrare – қызметкерлерді іріктеу кезінде біржақтылықты жою үшін өзінің жасанды интеллектін жасайтын әлеуметтік технология. Intrare миссиясы — кедейлік циклін бұзу үшін миллиондаған босқындарды, маргиналданған әйелдерді, LGBTIQ+ өкілдерін және басқа да әртүрлі таланттарды лайықты жұмыспен байланыстыру болып табылады.
  11. Фируза Эшонова (Firouza Eshonova), Өзбекстан: сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға сөйлеу қабілетін жақсартуға көмектесетін Mila4AI қолданбасын жасаушысы. Қосымша емделу кезінде терапевттің қатысуынсыз ауыз моторикасы мен артикуляциялық жаттығуларды тағайындау үшін жасанды интеллектті пайдаланады, бұл логопедтерге қол жеткізе алмайтын аймақтарда тұратындардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
  12. Әсем Тажиева (Assem Tazhiyeva), Қазақстан: ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларды зерттеуге негізделген білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобасы — Ozim платформасының негізін қалаушысы.
  13. Айра Монгуш (Aira Mongush), Кипр: оның Mathhub стартапы қол жетімді техникалық білім беру, оқытуды күшейту және топтық теорияны машиналық оқытуды зерттеуге қолдану үшін ғаламдық жоғары әсерлі deep tech жобаларды құруға бағытталған.
  14. Чинвенду Нвеке (Chinwendu Nweke), Нигерия: Bridge Merchant Enterprises негізін қалаушы. Оның мақсаты – технологиялар мен адамдарға бағытталған шешімдер арқылы дүние жүзінде аштық пен кедейлікті жою.
  15. Алена Щавлева (Alena Shchavleva ), Индонезия тұрғыны: емделушінің көмек пен қолдауға деген қажеттіліктерін оның ортасындағы ресурстармен сәйкес келтіретін Effelp стартапының негізін қалаушы.
  16. Меган Лам (Megan Lam), Гонконг: Neurum Health компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры. Ол санаға және салауатты өмірге маңызды өзгерістер енгізуге әуес.
  17. Жасмин Кок (Jasmijn Kok), Нидерланды: сенімді және сүйіспеншілікке толы күтушілер мен көмекшілердің Nina.care деректер базасының негізін қалаушысы. Оның өте жылдам қосымшасы барлығын қысқа уақытта реттейді.
  18. Сара Молема (Sarah Molema), Ботсвана: Deaftronics (Pty) Ltd негізін қалаушы. Ол есту қабілеті бұзылған адамдар өз құқықтарын шектеусіз пайдалануы керек деп санайды. Сондықтан ол дамушы елдердегі есту қабілеті нашар адамдар үшін күн энергиясымен жұмыс істейтін есту аппаратын жасап шығарды.
  19. Фолаке Оводунни (Folake Owodunni), Нигерия: оның Emergency Response Africa стартапы Африкада денсаулық сақтауды қолжетімді етуді мақсат етеді.

Жоба жайлы

            Aurora Tech Award – әлемдік көлік және қалалық қызмет көрсету платформасы, inDrive компаниясының коммерциялық емес бастамасы. Aurora Tech Award сыйлығы жобалары жаһандық дамуға терең әсер еткен технологиялық стартаптардың негізін қалаушы әйелдерге беріледі. Сыйлықтың мақсаты – озық технологиялар саласындағы әйелдерге, әсіресе, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету.
         inDrive – көлік пен қалалық қызметтерінің жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп, 2023 жылы әлем бойынша екінші ең танымал мобильді қосымша болып табылады. Қалалық сапарларға тапсырыстан басқа, inDrive қалааралық сапарларды, жүк тасымалын, шеберді шақыру және курьерлік жеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады.  2023 жылы inDrive венчурлық капиталға инвестициялар мен қосылулар мен сатып алуға бағытталған New Ventures, жаңа бөлімшесін іске қосты.
        inDrive 46 елдегі 700-ден астам қалада жұмыс істейді. Әлеуметтік әділетсіздікпен күресу миссиясына негізделген компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуді мақсат етеді. Компания бұл мақсатқа әділ баға моделі арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын негізгі қызметі арқылы да, оның inVision коммерциялық емес бөлімшесі жұмысы арқылы да көздейді. inVision қауымдастығының мүмкіндіктерін кеңейту бағдарламалары білім, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды ілгерілетуге көмектеседі.
        Қосымша ақпарат www.inDrive.com  сайтында.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...