«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕР – ТҰМСА ТАБИҒАТ»
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Руханият
27/01/2024
76 Views
Жуырда мектебіміздегі «Эверест» дебат клубы мүшелерімен «Рухани жаңғыру: Туған жер – тұмса табиғат» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жастардың жан жақты дамуы үшін, ойын жүйелі, қысқада нақты жеткізе білуге, өмірге қоршаған ортаға сын көзбен қарап оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш. Сондықтан қазір пікірсайысқа жастардың оң көз қарасы қалыптасқан. Біздің «Эверест» дебат клубына оқушылардың қызығушылықтары күннен-күнге артуда.
Қазіргі таңда білім беру саласындағы өзгерістер мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етуде. Жан-жақты ізденетін, өздігінен білім шамшырағын жағуға ұмтылатын, оқушы кезеңінің өзінде болашағын болжай алатын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау ұстаздың қолында. Сыни тұрғыда ойлап, өз ойын қоршаған ортада дәлелдейтіндер және қорғай алатын, жаңаша көзқарастағы дебат жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын бүгінгі оқушының өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс оқушыларымыздың ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды, оқушының танымын кеңейтеді.
Сонымен қатар бұл бағдарлама тәртіп пен тәрбиенің, сыйластықтың ортасы. Ойында сөз жарыстыра отырып, қарқылысқа ұтымыды жауап қайтару, өз идеяңды қорғай алатын, жаңаша көзқарастағы, рухы жоғары, өзінің алған білімін жаңа Қазақстанның алға басуына жұмсай алатын тұлға тәрбиелеген ұстаз-бүгінгі күннің табысты ұстазы болып саналады.
Ләззат БУРТЕНОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы №36 ЖББМ-нің Қосымша білім беру педагогы.
2024-01-27