Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"ШҮЛЕН ТАРҚАТУ ЖӘНЕ ЖЫЛУ" - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ШҮЛЕН ТАРҚАТУ ЖӘНЕ ЖЫЛУ»

«ШҮЛЕН ТАРҚАТУ ЖӘНЕ ЖЫЛУ»

         Дін мен дәстүр ажыратуға болмайтын ет пен тырнақ сияқты. Жер бетінде қанша ұлт болса сонша дәстүр бар, әр ұлт өз дәстүрімен ерекшеленеді. Қазақ халқы да дәстүрге бай Халық, деседе аты аталмай ұмыт болып бара жатқан кейбір дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа дәріптеп жеткізуіміз біздің басты міндетіміз болып тұр.
       ҚМДБ-ның жұмыс жүргізіп келе жатқан бес бағытының бірі – «Дін мен дәстүр бағыты». Осы бағыт аясында Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл әкімшілігі Кеңесшіл ауылына қарасты Сейтан ата мешітінің имамы Қоспаев Қажымұхан жамағатпен жүздесіп, тамыры тереңде жатқан игі дәстүрлеріміз «Шүлен тарқату және Жылу» деген тақырыпта ой қозғап, пікірлесті.
       «Шүлен тарқату» дегеніміз, дәулетті кісілердің тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға дүние мүлікпен тағы да басқа түрлі тұрмыстық заттармен көмектесіп, қайырымдылық жасауы.
         «Жылу» дегеніміз  үлкен қарызға батып қиналып қалған, үй жайы өртеніп қиыншылыққа тап болған, тағы басқа түрлі осындай басына іс түскен кісілерге ел-жұрт болып қолдан келгенше қаржы жинап көмектесуді айтады. Ислам діні адамзатты әрдайым жақсылыққа шақыратын мейірім діні, жоғарыдағы аталып жатқан дәстүрлеріміздің түпкі мақсаты қиналғанға қол ұшын созып мейірімділік таныту, осы жерде дін мен дәстүріміздің керемет сабақтастығын көреміз.
         Осындай ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу әр біріміздің міндетіміз деп, білейік. Алла Тағала еліміздің аманшылығын жұртымыздың тыныштығын берсін!
Қажымұхан ҚОСПАЕВ, «Сейтан ата» мешітінің имамы.
Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылы.
.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...