ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам
31/01/2024
1 Views
Мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда алатын орны ерекше.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлеу, әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп тәрбиелей аламыз.
Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде, оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету, оны шәкірт санасына сіңіре білу қажет.
Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді. Оқушының білім сапасын арттыруға көмектеседі. Ал ақпараттық жаңа технологияны қолдану оқушыға не береді? Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі. Уақытты ұтымды, үнемді пайдалануға үйретеді.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Эльвира АЙМЕНОВА,
Т.Бигелдинов атындағы №46 ЖББМ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мақтаарал ауданы.
2024-01-31