Әке, аға әр отбасындағы жол бастайтын, бағыт бағдар беретін тұлға. Кез-келген адам әке мен ағаға қарап бой түзеп, қиналғанда арқа тұтады.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған «Аға қамқорлығы» клубы жоспарына сәйкес “№13 қосымша білім беру мектеп-орталығының” әкелері мен ағаларының қатысуымен “Тәні саудың – жаны сау”тақырыбында «Қысқы квест ойыны» өткізілді. Мақсаты: әкелік, ағалық міндеттің мағынасын ашу, қамқорлығын насихаттау, ұлттық құндылықты дәріптеу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту болған бұл шара қызықты әрі тартысты болды.
“Аға қамқорлығы” клубының жетекшісі Жансая Нұрғали Дулатқызы ұйымдастырған квест тапсырмалары есеп шығарумен басталып, далада жасырынған нүктедегі хатты кері оқу, ескерткіш жанында фотоға түсу, қар лақтырудан жарысу және шаңғы турниріне дейін жалғасты. Тапсырма соңында карта бөліктерін қосып, жасырынған кілтті табу керек болатын.
Асқар тау әкелеріміз бен айбынды ағаларымыз жоғарыда көрсетілген барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, мәреге жетті.
Асылғаным ЫҚЛАС.