Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚОС НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ОЗАТ АУДАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ҚОС НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ОЗАТ АУДАН

ҚОС НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ОЗАТ АУДАН

Түркістан қаласында  өткен «Алтын күз – 2020» салтанатты шарасында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановқа өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалаудан озат аудан номинациялары бойынша марапат табысталды-деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданында 2020 жылдың 10 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 43,8 миллиард теңгеден асты. Мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның басым бөлігін –38,2 мың гектары мақта дақылы құрап, осы алқаптардан  96,5 мың тонна «ақ алтын» жиналған.  Соның арқасында аудан мақта дақылын жинау бойынша облыста алдыңғы қатарларға шықты.

Биыл ауданда  46,3 мың тонна көкөніс, 304,1 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, оның 80 пайызына жуығы шет мемлекеттерге экспортталыпты.  Сондай-ақ, 11,8 мың тонна күріш дақылы да жиналып алынған.

2020 жылы ауданда  98 дана ауыл шаруашылығы техникасын  жаңадан сатып алу көзделсе, есепті кезеңде 102 техника алынып, жоспар артығымен орындалған. Сондай-ақ, жылыжайлардың көлемін 10 гектарға көбейту жоспарланса, 10 айдың ішінде ол жоспар толық жүзеге асқан. Тамшылатып суғару әдісін 250 гектарға көбейту межеленсе, есепті кезең ішінде бұл әдіс 174 гектар жерге ендірілген. Сонымен бірге, 2020 жылы 32 бірлік мал бордақылау алаңы, 8 шағын жанұялық сүт ауласы құрылып, ағымдағы жылдың 10 айында белгіленген тапсырмалар толығымен орындалып отыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...