Жабаев Мерлан Ардақұлы – 2009 – жылы тамыз айының 1 – жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. 2017 – жылы «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне» 1 – сыныпқа қабылданған. Қазіргі таңда, осы аталған мектептің 8 – сынып оқушысы.
Жас өреннің өлеңге құштарлығы, алға қойған үлкен армандарына ұмтылысы қызығарлық десек те болады. Қала күніне орай өткен дәстүрлі «Туған қалам, Семейім!» атты оқырмандар форумында арынды жас Т.Айбергеновтің «Туған еліме» деп аталатын өлеңімен қатысып, Семей қаласының білім бөлімі Грамотасымен марапатталды. Мектепішілік «Абай оқулары» байқауына да қатысып, 1 – орын жеңімпазы атанды. Бұның өзі де мәртебе!
«Поззия әлеміне ден қойып, биік шыңдарды бағындырсам» деген үкілі үмітін жүрекке орап, талмай талаптанып жүр. Оның, осы жылдар мұғдарында, серпін жігерлі, сыр-сымбатты шығармашылық қыры ашылып, поэзияның мол мұрасы алтын асықтай құйылған – қазақ әдебиетіне қызығушылығының өзі құптарлық һәм бек қуанарлық дүние! Поэзия патшалығын жанымен сүйетін жас бәйшешек ақынды – біз ұстаздар қауымы қанша рет байқап та жүрміз… Ол шығармашылықты бәрінен де жоғары қояды. Арманы – «Патша – сөздің ақ шыңын» бағындыру екенін де оның тұңғиықтай таза ой – өзінен ұғатын сияқтымыз. Ендеше, ақындық ақсарбаз ғаламына – сәт!
«ПАТШАСЫ – АСЫЛ СӨЗДІҢ»
(Хакім Абай атаға )
Шығыстың шырайында тұнық өскен,
Алты алаштың жүрегін жырымен ескен.
Шыңғыстаудың шуақты баурайында
Семейдей өлкемізде тұсау кескен.
Есімінің өзі айтты «Абайла» деп,
Зередей хас анамыз бала кезден.
Абай болды, талаппен ілім тоқып,
Кең дүниеге қарайлап дана-көзбен.
Жасынан білім іздеп сұңғыла боп,
Нақыл сөзді бойына үлгі тұтқан.
Ары мен иманы – қос қанаты
Кәусар тұнық сусындап жыр бұлақтан.
Бір ғасырда біртуар хикмет – хакім
Халқының кеудесіне шырақ жаққан.
Қауымын талпынтып ғылым жолға
Қырандай тұғырынан қанат қаққан.
Шексіз сүйген, қарашы, ұлтың дана,
Бойындағы бар жақсыны төгіп – құтпан.
Ақылы кең, ұлы Абайым – нақ ғұлама
Әрбір айтқан сөздері, шіркін – пара.
Қара сөзін қалдырған астарлатып,
Емдеп жаза замана дертін дара.
Парасат биіктікпен шыңға балар,
Жас өркен жолын қуып елтіп жаңа.
Нақлияты ғаламат сана жаулап,
Танылған әлемге ғасыл сөзі.
Қазынасы жүмлеге саф жарқырап,
Тереңіне сүңгітіп алтын – ойы.
Мәнсіз сөзін жариялап жазған-ды емес,
Сыйлайықшы, «қарасөзді» жазған жанды.
Өзінің қамын ойлап жүргенді емес,
Елі үшін қам ойлаған ғасыл жанды,
Құрандай қарасөзін түйіп – күйіп,
Кетемін оның өзін мәңгі сүйіп.
Тағылымын ұға алмай жүрсең егер,
Бұл өмірге… келгенің мүмкін, бекер.
Неткен жан сынаққа қайырылмайтын,
Қалыбынан ұдайы айырылмайтын.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» –
Тұлғасына такаппарлық жинамайтын.
Гауһарын қат хакімнің теріп жүрмін.
Тағзым тасын мінажат қылып жырдың…
Адамзатқа мәңгілік, ол – өнеге,
Мөлдірінен тазарсаң тұнығының.
Қастерлейік бағасыз сара жанды.
Бабасымен мақтанар ғаламға әйгі.
Ғасырлардың көгінде сәулеленер,
Әлемге Темірқазық – жыр қадаулы!
ЖАН АПА!
Жан апа! Ағарыпты шашың сенің…
Еркелеткен басымнан сыйпап менің.
Қадірлеп өтемін ғой, өзіңді әсте,
Таразы перзенттік ойлау – кенім.
Кішкентай кезімнен ерке қылып,
Мәпелеп те мені ұдай жүруші едің.
Байқаймын, самайыңнан ақ шаш түсіп.
Көңіліңді құбылтып, түңілгенің…
Әр айтқан сөздеріңді еш ұмытпай,
Жүрегіме мәңгі түйіп айтам енді.
Санасам «тұмар сөзің» бағасыз ғой,
Жететіндей бұл күнде ақыл, ебім.
Түсінумен уақыттың – құм екенін,
Адамдардың қайтатын жан – мекенін…
Апашым, мен өзіңе алаң болам,
Ұмыт па, қамқор немерең бар екенін.
Ойладым, жан апа – бүгін, сені,
Қарашығыңдай, көз жазбас көрші мені.
Мейлі, ұлы шайыр, әзір, болмасам да,
Ертеңдері мойындатам бар әлемді.
Сен болмасаң, саналы болар ма едім,
Әлде… саңлаусыз пәс болар ма едім?
Алтын Апам, тәрбиеңе рахмет, сенің,
Қымбатты қазынасың жан-әлемнің.
Осы айтқан сөздерімді ойға түйіп,
Күндей ашық жайдарланып күлші, енді.
Кер құлының бүгінде ер жетті ғой,
Жанымдай жақсы көрем, білші, сені.
Жыр ағытқан іште-мұң, сырым менің,
Жүрегімде ғазиз жан – апам – мәңгі.
Ескерткіш боп кеудемнен тулап шыққан,
Өзіңе Апа, төгіліп ізгі өлеңім.
ҰСТАЗЫМА
(Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі – Динара апайға)
Өмірдің айнасындай жазған жырын,
Ұстазжан, йірімделген маңдай – жібің.
Ойласам, бақ жұлдызым… жанып сәтте,
Замат сөніп қалмас па, жарық күнім?
Мұрасына өткеннің сусындатқан,
Айтамын ізгі тілек, ұстазыма!
Өзіңіз де таланттымды аша білген,
Өлең-шерім толықсып тасынған ба?!
Өзге ұстаз көрмей жатса егер де,
Сіз екенсіз ой – санамды ашқан да.
Қашандағы өнерімді шыңдап та,
Рухтандырып отырасыз жасқан да.
Ойда батып шашатын ұшқын өлең,
Енді ұстаз ардақтаймын мәңгі сені.
Өзіңіздің артыңыздан еріп жүріп,
Мен де сіздей данагөй болам енді.
Марапатыма, ұстазым, құлақ түрші,
Күндей жарқын жарқырап мәңгі күлші.
Оқушыңа рух пен білім құйып бүгін,
Нұрлы өңіңмен, ұстазым, гүлдеп жүрші.
Ұстазым, ауырмашы, сырқамашы,
Жүзіңнен күлкіңді ұрламашы.
Қабағынан қар жаудырып, үрмелі,
Болмасыншы мінезіңіз күрмелі.
Бақыт деймін шат өмірде жүргеніңіз,
Айдай жарық шуақтанып күлгеніңіз.
Асыл ұстаз, ғасырларға сапарлар,
Маған қымбат өнеге мен тәліміңіз!
СЕМЕЙІМ-МАҚТАНЫШЫМ
Семейім, Ертісіммен мақтанамын,
Көркіңді көргенде шаттанамын,
Өзіңді бағалап та, аялап та,
Өзіңнен, туған елім, бақ табамын.
Семейім, самалалы табиғаты,
Бар ғой, шіркін оның да шапағаты.
Өзімнің, байтақ далам, тұрғанда,
Еуропаның керек емес кереметі.
Абайдай өскен жерді бағалаймын,
Білім берген Семейімнен, айналайын.
Өзімнің Семейімді сүйіп өтем,
Себебі қайта-қайта жаралмаймын.
Бозарып атады таңы тағы,
Көрінер өзеннің арғы жағы.
Бірақ та жетпейді ғой шетелің де,
Семейдің ну орманы, күзгі бағы.
Қарт Ертіске қараймын тамсанамын,
Өзіңе қарап бүгін атса таңым.
Оны да көзбенен батырамын,
Осыдан рахаттанар, менің жаным.
Өзіңсің мәңгі менің әнім,
Өмір-елес райындай сенсің сәнім.
Туған жерде құлпырып гүлдей өсем,
Осы жерден тараған менің қаным.
Сүйемін әр бір талын Семейімнің,
Ақымақ қой мынауың десе мейлі.
Бәрібір, жан тәніммен сүйемін ғой,
Сезіледі адамдардың ыстық пейілі.
Бейілді Семейдің халқы әр кез,
Адамдардың пиғылына баға жетпес.
Өйткені Ұлылар шыққан жерден,
Өтірікші, надандар шығып кетпес…
«ЖАН ҚАЛАУЫМ»
Ұстаймын сыр-қаламды үміт-берген.
Өлең жолда толқынмен жүзіп келем.
Түндерде тосылмадым соны жаза,
Жан қалауым- мәңгілік көрікті өлең.
Жүректі көңіл-ойға толық берем.
Сөз сиқыры соңына еріп келем.
Жан қалауым, сірә, сол дүниеде,
Сырлы айнаға дария кемер берік сенем!
Ақын болған адамдар еш сынбайды,
Өйткені өмірді жазып, жеңіп келер.
Сөзімді түсінер шын ақындар,
Құлағына салып бүгін түйіп ілер.
Сөзім осы ой ұшқырым, тұла бойым,
Адамның қандай екенін біліп жүрер,
Сөзімнің жан-айқайын түсінбестен,
Маған да адамдар да өршеленер,
Кей парасын сөздің де ұқпағандар,
Қарап та жүрсе жүрер, күлсе күлер.
Осындай ойлар мені мазалайды,
Тек өзіме бұлқынып болар әйгі.
Жан қалауым, жазу ғой білсең, егер,
Менің де өлең үшін жаным күйер.
Рахаттанып, шаттанар, менің жаным,
Өлеңді де жазуды жаным сүйер.
Сондықтан жазармын жыр, талай рет,
Қаламымның ұшында ой-құдірет.
Екі дүние қосында – жаным құмар,
Бұл беймаза кеудемде жүйрік тулар.
Мөрлі сөзім мен үшін мәңгі – тұмар,
Маған да жас тұлпарлар – зерлі қарар.
Теңіз терең, ғасыл ойы, ғасырға тең,
Адамзатқа көш – керуен шын ақындар.
МҰҢДЫ КҮЗ
Сұрғылт сұрқай мына күздің бейнесі,
Өзеуреумен қысқа ілінсе, кемесі.
Қурап, құлап, жылап жатса, Жапырақ,
Күн сүйгенде діріл қағып сәулесі.
Ғайыпқа ене жаздың шуақ белесі.
Көрінбей де бара жатқандай елесі.
Жүдеп – солып жоғалады гүлдер де
Табиғаттың ажарының – күмбезі.
Тіршіліктің бау-бағы да жасыра.
Жылап алып күзгі мезгіл астында.
Үзілетін үміттейін сарғайып,
Жансызданып, тілсіз сөйлеп, бас ұра.
Жердің үсті – сұрықсыздау, ғажайып…
Адамдар да күйді кешкен құлазып.
Жүреді екен, тоңып-тоңып бүрсиіп,
Тұман түскен суық күнде күрсініп.