Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ТҰЛҒАЛАР ТАБЫНАРЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

        «Жас ақындардың жыр мүшайрасы» – 2024 байқауы жобасы аясында  15 – 25 жасқа дейінгі жастар  арасында жыл сайын өтетін жыр мүшайрасы Байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылары одағы» ҚҚ ұйымдастыруымен республикамыздағы танымал тұлғаларды дәріптеу мақсатында «Рухани тұлғалар табынарым» республикалық байқауы Құнанбай қажы Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына орай жарияланды.

       Мүшәйраның мақсаты: 

       Сан ғасырлық тарихымыздағы даңқты бабаларымыздың лайықты мұрагерлерінің орнын айшықтау;
       Дарынды да танымал тұлғаларымыздың шарапатын халыққа насихаттау;
       Ұлттың ұлы мұраттарының басты бағыттарының бірі «Елге елеулі есімдер» бағытын жандандыру;
       Ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру;

      Мүшәйра шарттары:

       Мүшәйраға қатысушылар төмендегі тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша 2 өлең жазып ұсынуы қажет:
       «Дарынды тұлғалар табынарым» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың өркендеуіне зор үлес қосқан ақын Несіпбек Айтұлы өр тұлғасын жыр жолдарымен мадақтай жеткізу т.б.);
        Еркін тақырыпта жазылған өлеңдер  «Тарих пен тұлға» (Әлемге танымал қазақ ғалымдары мен ұлт қайраткерлеріне  арнау шығару);

        Мүшәйраның талаптары:

       Өлеңдер «Дарынды тұлғалар табынарым» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;
        Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін yerik.omargaliyev@gmail.com электронды поштасына жолдауы қажет.
        Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылады, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.
       Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;
        Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.
        Өлеңдерді қабылдау 2024 жылдың 15 сәуірінде басталып 2024 жылдың 15 мамырында аяқталады.

Байқаудың жарнасы

       Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде демеушілердің және ата-аналардың жарнасының негізінде өткізіледі. Байқауға қатысу жарнасы – 1 000 теңге.
       Төлем жасау жолдары: Қазпошта арқылы. Жергілікті мекенжай бойынша Қазпошта бөлімшесіне барып, Еurasian Bank 5269940044620385 төлем коды арқылы жарна төлей алады немесе Каспий Голд карточкасы арқылы 8-747-112-80-26 нөміріне салуға болады.

       Мүшәйра барысы: 

        Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен мәдениет мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
        Жеңімпаздар Баршатас ауылында / немесе Аякөз қаласында марапатталады.
       Марапатталу уақыты жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы хабарланады.
       Жеңімпаз авторлардың шығармалары Сайыпқыран.кз сайтында жарияланады.

 Жүлде:

Бас жүлде – (біреу)
Бірінші орын – (біреу)
Екінші орын – (екеу)
Үшінші орын – (екеу)
Бұдан бөлек 5 адамға Ынталандыру сыйлығы беріледі.
Ұйымдастырушы: «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылары одағы» ҚҚ
Ақпараттық қолдаушы: Сайыпқыран.кз сайты.
Қосымша ақпарат үшін: 87058114137 (Whatsapp)
Қосымша ақпарат жайлы:
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлына  (8-747-112-80-26)
Әбіл-Серік Әбілқасымұлына (8-702-671-48-41) хабарласа аласыздар!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...