Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында Ислам дінінің өзіндік ерекшелігі бар және тартымды дін болып табылады. Ислам басқа дін өкілдерін өзінің сенім негіздерін берік ұстануға көркемді түрде шақырып, адамдарға деген рақымдылықтың өзегін көрсетеді.
       Күнінде әлемде қаншама адам лаңкестік әрекеттерден бақиға аттанып жатыр. Қаншама армандар үзіліп жатыр. Қаншама тағдырлардың тамырына балта шабылып жатыр. Дүниенің тыныштығын шайқағысы келгендер өздерінің арам пиғылдарымен жаман ниеттерін жүзеге асыру үшін сан түрлі айла әрекетке баруда.
       Бүгіндері әлем елдері әсіресе жетекші мемлекеттер дінаралық қақтығыстарды болдырмаудың жолдарын қарастыруда, осыған байланысты тың қадамдар жасалуда. Бір ел тыныш болса, күллі адамзат баласы тыныштықта болады, бір мемлекет бүлінсе күллі жаһаннан маза кететіндігін бүгінгі әлемде болып жатқан лаңкестік оқиғалардан, соның салдарынан соғыс жүріп жатқан мемлекеттерден көріп отырмыз.
       Қазақстанның ұстанған бағыты тұрақтылық, дінаралық татулық болып табылады. Бұл бағытта елімізде атқарылып жатқан игі істер мен батыл қадамдар, тың бастамалары әлем елдеріне үлгі болып отыр.
Тұрақтылық болған мемлекетте даму бар. Бейбітшілік болған жерде экономикалық және әлеуметтік ілгерлеу болатындығы белгілі. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістігі осының анық дәлелі.
      Шындығында, дәстүрлі ислам дінінде жазықсыз адамның қанын төгу, ол мұсылман болсын, мейлі кәпір, мейлі өзге дін өкілі болсын, жанына қастық қылу немесе тіпті өзін-өзі өлтіру үлкен күнә болып табылады.  Исламда бір адамды әділетсіз өлтіру барлық адамдарды өлтірумен бірдей.  Бұл туралы Құранда айтылған: «Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады. Сондай-ақ кім біреуді өлімнен құтқарып алса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады» (Маида сүресі, 32-аят).
       Ислам тарихында сондай бір соғыс кезінде де қарттардың, әсіресе әйелдер мен балалардың өміріне қауіп төндіруге жол берілмейді.  Бұл туралы бірнеше хадис бар.  Төменде осындай бірнеше хадистерді қарастырамыз.
       Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) ұрыстарының бірінде байқаусызда қаза тапқан әйел табылды, содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды».
        Діни үкімдерді орындаймыз деп, шектен шығып, бүлікті жиһад деп, халық арасындағы қантөгісті залымдарға қарсы төңкеріс деп, өзі түсінген бұрыс түсінікті Алланың түсірген заңындай қабылдап, өзгелерге сол түсінігін тықпалап, қоғамда бейберекет, хаос орнатуда. Ең сорақысы, олар өздеріне қарсы шыққандарды күпірлікте, екіжүзділікте, бидғатта айыптап, өздерін ғана шынайы Құран мен сүннетті ұстанушы ретінде таныстыруға тырысуда. Олар өздеріне қарсы айтылған уәждерді, шарғи дәлелдерді құлақтарына да қыстырмайды, терең ойланып, ақыл таразысына да салмайды. Пір тұтқан ұстаздарының айтқандарын ақиқат деп, қарсы пікірді қате деп қабылдайтын зомбилерге айналған.
        Дәл осы шектен шығушыларға қарама-қарсы тараптағы дінге немқұрайлы қарайтын мұсылмандар да дінге жеткілікті дәрежеде зиянын тигізуде. Тіпті, олардың арасында мұсылмандардың ілгері дамымай қалғанына дінді кінәлайтындары да бар. Өкініштісі сол, олардың арасында, яғни тәфрит жасаушылардың кейбіреулері дінді барлық фитналардың, терроризмнің, лаңкестіктің қозғаушы күші деп түсінеді және түсіндіреді. Олар Алланың Құраны мен сүннеттен келген бұйрықтарын шекесімен тыңдайды не өз ойларына салып, өзіне, нақтырақ айтқанда, өзіне тура келетін қылып бұрмалап алады, не бұрмалап алуға тырысады. Діни үкімді арабтардың салты, қазаққа қатысы жоқ әдет ретінде түсіндіргісі келеді. Осылардың бұл сөздерін естіген, қылықтарын көрген шектен шығушылар оларға дінбұзар, екіжүзді ретінде қарайды да, дінді берік ұстану мақсатында жекелеген мәселелерге қатысты дәлелдерден діни негіз жасап алады және артынан ерушілерге сол дінге немқұрайлы қараушылардың істері мен сөздерін мысалға келтіріп, артынан ілесушілердің санын арттыруға тырысады. Дәл осыған керісінше, дінге немқұрайлы қарайтындар әлгі шектен шыққандардың сөздері мен істерін мысалға келтіріп, кейбір діни бұйрықтарды орындаудан адамдарды қашырады не селқостық танытады. Шіркін, осы екі топта жүргендердің барлығы Алла Елшісінің (с.а.с.) сүннетімен қатар, өмірбаянын, өмір жолын, басқалармен қандай қарым-қатынаста болғанын терең үйренсе, бүгін болмаса да ертең әрбір істеген ісі, айтқан сөзі үшін Алланың алдында жауапқа тартылатындығын білер еді.
       Жат ағымдарға қарсы тұру басты мақсатымыз. Бізге еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі, ұлттар ынтымағы барлығынан маңызды. Ислам діні жауыздықты ешқашан қолдамайды. Біздің дініміз адамдар арасындағы бауырмалдық пен татулықты сақтауға негізделген қағидаларға толы.
       Ислам ешқашан жауыздықты қолдамайды. Ислам бейбітшіліктің діні. Адам адамға бауыр. Қасиетті Құранда: «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады»,-деп көрсетілген.
Д. АМАНОВ,
Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...