Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АДАЛДЫҚТЫ ЖЫРЛАЙМЫЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Құттықтау » АДАЛДЫҚТЫ ЖЫРЛАЙМЫЗ

АДАЛДЫҚТЫ ЖЫРЛАЙМЫЗ

Әріптесім Сәбит Қалдыбаевқа

Сен де момын, мен де момын пендеміз,

Мықтылардың қоқайларын көргенбіз.

Жүндегісі келгендермен күрестік,

Жыртылмады бірақ, әсте жейдеміз.

 

Әдеп сақтап, тыныштықты күзеттік,

Бұзықтардың қыңырлығын түзеттік.

Қоқан-лоқы жасап келген «тентекке»,

Жылы сөзбен жауап бердік ізет қып.

 

Ашу – дұшпан және ол бір мезеттік,

Қашанда біз ізгілікті сөз еттік.

Қия тартқан кірпиязға дес бердік,

Момыннан да шығады екен өжеттік!

 

Дос алдында көшкен жоқпыз есепке,

Және үйір болмадық-ау өсекке.

Бекежандар оқты көзін қадады,

Кінәміз жоқ, сүттей аппақ десек те.

 

Сырымызды жасырмадық айтамыз,

Келер күнге сенім, үміт артамыз.

Мойыта алмас қиындығы өмірдің,

Топастардың тірлігінен қорқамыз.

 

Сен де момын, мен де момын пендеміз,

(Момындыққа қынжыламыз кейде біз).

Бақыттымыз досым біздер өйткені,

Адалдықты жырлау үшін келгенбіз.

Ақыл ТӨРЕ, ақын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...