ЕЛ ДАМУЫН ТЕЖЕУШІ ҚАТЕР
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Жас буын, Саясат
05/04/2024
11 Views
Қазіргі таңда әлемнің кез-келген елінің даму бағдарына көз салсаңыз, олардың жаппай цифрландыру үрдісіне бет бұрғанын аңғаруға болады. Себебі осы жаңа жүйе – сыбайластықтың алдын алу, оны түбегейлі жоюға бағытталған тиімді қадам ретінде бағаланып отыр. Оның тиімділігін одан әрі арттыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтер де барынша ашық әрі сапалы болғаны жөн. Сонда ғана оның тиімділігі анық байқалатын болады.
Сөз басында айтқандай – сыбайлас жемқорлық бүгінде әлемнің басты жауы болып отыр. Біздің елімізде осы қатерлі құбылысқа ерте бастан кедергі болу үшін тұрақты түрде ел жастары мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек. Сонымен бірге осы бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік органдарда да кеңінен жүргізуіміз қажет. Бұған қосымша арнайы құрылған комиссиялар тарапынан түрлі деңгейдегі дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде құжаттары тұрақты түрде зерделеленіп, сол жұмыстардың нәтижесінде тиісті шаруалар жүзеге асырылса, «бармақ басты, көз қысты әрекеттерге» қарсы қандай әдістің оң нәтиже беріп отырғанын анықтауға болар еді.
Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын» іске асыру үшін жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді оңтайлы жүзеге асыратын болсақ, оң нәтижелерге қол жеткізеріміз анық.
Нұрман АБДЫҚАДЫРОВ,
Мырзакент кенті әкімі аппаратының бас маман заңгері.
2024-04-05