ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Білім саласы, Жаңалықтар, Мерекелік шара, Руханият, Саясат
11/04/2024
24 Views
2024 жылдың 28-наурызы күні, сағат 11.00.-де Абай мұражайында Құнанбай қажының туғанына 220 жыл толуына орай арнайы көрме ашылды.

Мұражайдың директоры м.а. Ұлан Сағадиев алғашқы болып сөз сөйледі. Жиынды ашқан жас жазушы Қуат Қиықбай, ақын Азамат Қажыбай өз ізденістерін көрсетті.
Этнограф-жазушы Молдабек Жанболатов, Абай жорналының редакторы көрнекті ақын Мұратбек Оспанов және Мәулет Қилыбаев Құнекең қажы жайлы тың деректер айтты.








Әнші, Жәнібек Кәрменовтің шәкірті Қайрат Қабышев жиылған жұртшылық қауымды жақсы әндермен сусындатты. Және де көрменің ашылуына бір шоғыр жергілікті зиялы қауым өкілдері де қалыс қалмай, өздерінің бір ауыз сүбелі сөзін қосты. Қажыға арналған көрме көптің көңілінен шықты.
Мұратқазы Сейсенұлы Әлин,
ҚР Журналистер одағының мүшесі,
Абай облысы «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы.
2024-04-11