ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлеумет, Денсаулық, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Пайдалы кеңестер
12/04/2024
8 Views
Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 беліктен тұрады деп көрсетілген.
* «А» – сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар-жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда әртүрлі қауіп қатер болады.
Сіз оларды бір мезетте бағалап,
олардан қалай кұтылуы
болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.
* «В» – ауа өткізетін жолдарды тексеру
(олар боспа екен?).
* «С» – тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен?) – кеуде
куысының қозгалысын іздеңіз; -
тыныс алу дыбыстарын тындаңыз; -
өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз.
* «Д» – қан айналымын тексеру (жүрек
соғып тұрма?) – пульсті тауып
алыңыз.
Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы анықталатын жері – иык артериясы.
Қолдың, ішкі бетінен шынтакпен иыктың ортасынан іздеу қажет. Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың сыртқы бетін ұстап тұру қажет. Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйкы артериясынан іздеу керек. Адам алмасын (көмей ортасынын томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам алмасынан оның, тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің, арасына орналастырыңыз. Пульсті сезіну үшін мойнды басыныз.
Назар аударыңыз:
– егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз – «жүрекке жанама массажын» жургізу керек.
– «Ауыздан ауызға» әісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу. Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға» әдісімен жүргізудің, айырмашылығы бар.
Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек:
– ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз.
– емшек жасындағы баланың мойнының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте сақтаңыз – басын шалқайтқан кезде абай болыңыз.
– нәрестенің тыныс алу жолдарына өзініздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін.
Айдана БАЙМЕНКЕЕВА,
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының «Көкшоқы» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мейіргері.
2024-04-12