ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Әлеумет, Өзекті мәселе, Саясат
19/04/2024
12 Views
Қызылорда облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Мұнда мұнай, уран, энергетика, теміржол, құрылыс ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты әртүрлі салаларда 10 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс атқаруда. Сонымен қатар олар жергілікті тұрғындарды қолдау және аймақтың дамуы мен өркендеуіне ықпал ету арқылы әлеуметтік қолайлы орта қалыптастырып отыр.
Бұл ретте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымдарының белсенділігін атап өткеніміз жөн. Компания қазіргі уақытта уран шикізатын өндіру және жеткізу бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 36 еншілес және тәуелді ұйымды қамтиды. Қызылорда облысында 20 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан және бүгінгі таңда экономикалық ландшафттың құрамдас бөлігі болып табылатын «РУ-6» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Байкен-U» ЖШС және «СКЗ-U» ЖШС тағы да басқа мекемелер бар.
Компанияға қарасты мекемелер әрдайым әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгілерін көрсетіп келеді. Мысалы өткен жылы «РУ-6» ЖШС 300-ден астам отбасына көмек көрсетіп, 50-ден астам әлеуметтік және спорттық іс-шаралар өткізді.
«Қызылқұм» ЖШС да қайырымдылық шараларынан сырт қалған емес. Атап айтсақ, кәсіпорын Жаңақорған ауданының 16 зейнеткеріне емдік санаторийлерге жолдама сатып алып беріп, мүгедектерді қорғау күніне орай 30 адамға ақшалай сыйлық табыстады .
Халықаралық әйелдер күні мерекелеу барысында Компания тұрмысы төмен аналарға көмек көрсетті. Наурыз мейрамы мен балаларды қорғау күні мерекелелер аясында өткен іс-шаралар да жергілікті қоғамдастық өміріндегі маңызды сәттерге айналды. Жалпы, өткен жылдың ішінде «Қызылқұм» ЖШС 500-ден астам отбасына көмек жасады, оларға қаржылай қолдау көрсетіп, қажетті қаражатпен қамтамасыз етті.
2023 жылы «Волковгеология» АҚ филиалдары да мұқтаждарды қолдауға және қоғамдағы өмірді жақсартуға бағытталған қайырымдылық жұмыстарын жалғастырды. Көктемде барлық филиалдарда сенбіліктер өткізіліп, ағаш отырғызылды, тұрғын вагондар мен асханалар жөнделді. Жұмысшыларға қарлы бораннан кейін үйлердің шатырын қалпына келтіруге материалдық көмек көрсетіліп, көп балалы отбасыларға материалдық берілді.
Республика күніне орай 15 мың оқушыға мектеп сөмкесі сыйланды.
Сонымен қатар қайырымдылық жәрмеңкесі сияқты волонтерлік бастамаларға қатысу филиалдардың қоғамға деген терең әлеуметтік және жауапты көзқарасын дәлелдейді.
2023 жылы «Байкен-U» ЖШС корпоративтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік және мәдени бастамаларды үздіксіз қолдауды жалғастырды. Қызметтің негізгі бағыттарының бірі инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру салаларына көмек көрсету болды. «Байкен-U» ЖШС ардагерлер мен мүгедектерге шипажайларға жолдамалар сатып алып, 200-ден астам адамға көмек көрсетті.
Өз кезегінде «СКЗ-U» ЖШС 20-дан астам әлеуметтік-спорттық іс-шаралар өткізіп, 150 тұрмысы төмен отбасы мен 300 балаға көмек көрсетті.
Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне мереке ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «СКЗ-U» ЖШС Жаңақорған кентіндегі «Нұрлы-Сенім» қоғамдық бірлестігі арқылы ауданның 17 кішкентай тұрғынына қамқорлық көрсетті. Сонымен қатар, мекеме «Қазақстан Атом саласы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай 5 километрлік марафон мен көңілді старттар ұйымдастырды.
Қорытындылай келе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның еншілес ұйымдары уран өндіру индустриясының көшбасшы болып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарды, ойдағыдай атқарып отыр деп, нық сеніммен айтуға болады. Олардың әлеуметтік қолдау, мәдени даму және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы жұмыстары ұшан -теңіз. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындар мемлекеттік бюджетке әртүрлі салықтарды үнемі төлеу арқылы, аймақтың қаржылық тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп отыр.
2024-04-19