Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        Астанадағы Түркия Республикасының Елшілігінде «23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті.
        1920 жылы 23 сәуір Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылған күнді, Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал АТАТҮРІК “Ұлттық егемендік және балалар күні” деп жариялап, балаларға тарту етті.

Сол күннен бастап 23 сәуір “Ұлттық егемендік және балалар күні” Түркияның түкпір-түкпірінде балаларға арналған үлкен іс-шаралармен тойлануда. Биылғы жылы мереке Түркияғa әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалармен түрлі іс-шаралармен атап өтілді.
         Мерекеге орай Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мереке Қазақстанда тұратын түрік балалары мен салтанатты шараға шақырылған қазақ балаларымен бірге үлкен ықыласпен өтті.
          Салтанатты шара барысында балалар мультфильм қаһармандарының бейнесін сомдаған аниматорлардың сүйемелдеуімен және түрлі бояу жұмыстарымен билеп, әуенмен ойнап көңілді уақыт өткізді.

     Дәстүр бойынша, биылғы жылы елшілік креслосы осы күнге арналған балаға табысталды. Балалар мәзірі түрінде дайындалған тәттілерден кейін Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа КАПУДЖУ мерекелік шараларға қатысушы балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...