Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

            «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қазақстанның бірқатар аймақтарында орын алған су тасқынының зардаптарымен күресуге жәрдемдесу туралы үндеуіне жауап ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шетелдік серіктестері зардап шеккен өңірлерге қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражаттың барлығы жедел және мақсатты көмек үшін Samruk-Kazyna Trust қорына берілетін болады.
           Қаражатты Росатом корпорациясы, CGN, Cameco, Orano, Marubeni, Kansai және Sumitomo компаниялары бөлді. Сонымен қатар, KATCO компаниясы қосымша 100 млн теңге бағыттайды.
           «Серіктестерімізге қиын кезеңде бізді қолдауға дайын болғаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Мұндай ынтымақтастық актісі өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге және зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған. Біз  зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру үшін қолдан келгенше үлес қоса отырып, ағымдағы қиындықтарды еңсеруге көмектесе алатынымызға сенімдімін», – деді  Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
         Бұған дейін хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп зардап шеккен өңірлерге көмекке 3 млрд теңге жіберген болатын. Оған қоса  компания қызметкерлері  бір күндік жалақыларын  аударды. Батыс өңірлерге арнайы техника және шаруашылық-тұрмыстық құралдар түріндегі гуманитарлық көмек теміржол транспорты арқылы  жіберілді. Ерікті негізде Атырау және Ақтөбе облыстары мен Орал қаласына атом холдингінің 93 қызметкері су тасқынынан зардаптарды жою жұмыстарын жүргізу үшін аттанды.
          Сондай-ақ, су тасқыны жағдайы компанияның уран өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қызметіне әсер етпегенін еске саламыз. Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...