Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » 48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматы, 2020ж. 20 қараша – Бесінші «48 сағатта кино түсіру» байқауы Орталық Азияның жаңа бастаған және тәжірибелі кинематографистері арасында жоғары сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқау ұйымдастырушылары 300-дің ішіндегі үздіктер, яғни Топ-48 финалист фильмді таңдады. Ал желтоқсан айында жеңімпаздардың атын жариялауды жоспарлап отыр.

Жаһандық пандемияға қарамастан, жыл сайынғы «48 сағаттық кино түсіру» байқауының өзектілігі азайған емес. АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің қолдауымен ол қысқа метражды кино арқылы сторителлинг дағдысын дамытуға бағытталған. Қатысушыға қойылатын талап – 4-минуттық фильм арқылы бір әңгімені баяндау, және оған 48 сағат уақыт беріледі. Байқау әуесқойларға да, тәжірибесі бар режиссерлерге бірдейарналған.

АҚШ Бас консулдығының Мәдениет атташесі Стефани Страфаченің айтуынша, көктемге жоспарланған байқауды 2020 жылдың күзіне ауыстыруға. «Биыл фестивальді ұйымдастырмаймыз-ау деп аса ойлаған емеспіз. Біз жыл сайын қолдау көрсететін ең ірі жобалардың бірі биыл да Орталық Азияның кино әуесқойларының басын қосады деп үміттендік. Пандемияға байланысты қиын жағдайда түсірілсе де, талай сапалы фильм келіп түсті. Бұл осы аймақтың тұрғындарының шығармашылық қабілетінің көрінісі, ал 48 Hour Film Race – сол қабілетті көрсететін жер!», деп бөлісті Консулдық өкілі.

Мерейтойлық шығарылымның жағымды жаңалығы – Нью-Йорк кино академиясымен серіктестік болды. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз киноакадемияда онлайн оқу курсынан өтуге арналған стипендияға ие болады. Жеңімпаздарға алты бағыттың бірі бойынша 15 апталық курсты таңдау ұсынылады. Жеңімпаздар «Үздік фильм«, «Үздік режиссер«, «Үздік сценарий» номинациялары бойынша анықталады. Сондай-ақ, алғаш рет Интернет қолданушылары «Көрермендер көзайымы сыйлығы» санатындағы сүйікті фильм үшін өз дауыстарын бере алады.

Байқауды қазақстандық Technodom компаниясы тағы да қолдады, ол жүлде қоры ретінде әуесқойлар үшін де, кәсіпқойлар үшін де түрлі баға санатындағы Sony компаниясының үш цифрлық фотоаппаратын ұсынады.

Гала көрсетілім мен жеңімпаздарды іріктеу желтоқсан айына жоспарланған. Фестивальді ұйымдастырушы және Дипломатиялық миссияның серіктесі Андрей Мануйлов виртуалды гала-кештің бұрындары дәстүрлі түрде Алматыда өтетін кешпен салыстыруға келмейтінін мойындайды. «Кинотеатрлар біртіндеп ашыла бастағанына қарамастан, өткен жылдардағыдай Қазақстан қалаларында және өңірдің басқа да елдерінде көрсетілім ұйымдастырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі жағдай қанда болса да, биыл байқауға 967 команда тіркелді, олардың 300-і өз фильмдерін жіберді. Біз бұл нәтижеге өте ризамыз және көп ұзамай іріктеу тобы. Бір ай бойы іріктеушілер алқасы конкурстық фильмдерді мұқият бағалап, финалистердің тізімін көпшілікке ұсынуға дайынбыз», – деп бөлісті Андрей.

Топ-48 финалистер тізіміне іліккен фильмдерді байқаудың YouTube арнасынан көріп, ұнаған фильмге дауыс беруге болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...