КӨКПАРСАЙДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Кәсіпкерлік, Экономика
12/05/2024
9 Views
Мердігер мекеме «СЕРВИС НС» ЖШС-гі, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-78 «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының бойында орналасқан Көкпарсай елдімекеніндегі автокөлік көпірі күрделі жөндеуден өткізілуде.
Облыстық маңызға ие осы көпірдің ұзындығы жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес 22,1 метр, ені 14 метрді құрайды. Қазіргі уақытта бұл жерде көлік қозғалысы үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылып, демонтаждау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
2025 жылы аяқталады деп жоспарланы отырған бұл көпір құрылысындағы жөндеу жұмыстарының сапасын – тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «ДанСтройПроект» ЖШС мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан облыстық филиалы тұрақты бақылап, қадағалауда.
Өз тілшімізден.
2024-05-12