ДЕРЕКТЕР УАҚТЫЛЫ ТАПСЫРЫЛУЫ КЕРЕК
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Билік, Маман кеңесі
20/05/2024
7 Views
Құрметті респонденттер!
«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2–бабына өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енетінін ескертеміз.
Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақытылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады. Сондай-ақ бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс. Дәлелдемелер болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.
Бастапқы статистикалық деректерді алғаш рет бұрыс ұсынғаны үшін респондентке ескерту беріледі. Мүлде ұсынбағаны үшін айыппұл салынады (ҚР ӘҚБК 497- бабының 2- тармағы).
Барлық респонденттерді статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз!
Б.БАЙНИЯЗОВ,
Мақтаарал ауданының статистика басқармасының бас маманы.
2024-05-20