Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Классикалық музыкалық кеш өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Классикалық музыкалық кеш өтті

Классикалық музыкалық кеш өтті

         Қазақ-түрік өнерпаздары Алматыда флейталық музыка кешін өткізді.
         15 мамырда Алматыдағы “Aubakirova Art Space” мектебінде Қазақстан Республикасының Халық Әртісі Жәния Әубәкірованың ұйымдастыруымен классикалық музыкалық кеш өтті.
         Концерттің салтанатты ашылуында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ мырза келіп көрермен болды:
“Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Музыканттардың өнеріне сөз жоқ. Бұл шара екі ел достығының айқын көрінісі деп айта аламын”, – деді.
       Осы мәдени шараға Анталия Симфониялық Оркестрінің әйгілі флейташысы Леля Байрамоглуллары Түркиядан арнайы келді. Шетелдік қонақпен бірге Ержан Кушанов, Владислав Островерхов сынды отандық музыканттар өнер көрсетті.
       Жәния Әубәкірова, ҚР Халық Әртісі: “ Шетелдік әріптестермен бірігіп кеш беру көптен ойыма алған ісім еді. Анталиялық флейташы Леля ханым шақыруды қабыл алғанда қатты қуандым. Бұл концерттердің соңы емес. Бұйырса, күзде Жамбыл атындағы филормонияда ауқымы үлкен кешіміз өтеді. Бүгінгі құраммен жаңаша туындылар орындайтын боламыз…”
Шарада әлем классикасының маржандарымен қоса, қазақ музыкасында айрықша орынға ие Нұрғиса Тілендиев шығармалары және түрік композиторларының тың туындылары тыңдарманға ұсынылды. Өнерпаздар кеш соңында әлемдік саз жауһарларынан бірігіп бірнеше шығарма орындады.
       Леля Байрамоглуллары: “Қазақстанға алғаш келуім. Бірінші рет келсем де, бұл ел мені өз үйім сияқты қарсы алды. Бүгінгі кеш үшін Жәния ханымға рақмет айтамын. Қоржынымдағы шығармалардың әрқайсысының өз тарихы бар. Солардың бірнешеуін ойнап бердім. Тыңдарманға ұнады деген сенімдемін”.
Шаттық СӘДУАҚАС.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...

АЛИМЕНТ ПЕН ОНЫҢ ТӨЛЕНУ ЖОЛДАРЫ

        ...