Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз

Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз

       Assyltas қоғамдық қоры «ASSYLTAS BUSINESS HELP» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартады, деп хабарлайды bairak.kz.
       Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба аясында 21-35 жас аралығындағы жас бизнесмендер конкурс негізінде 3 жыл уақытқа дейін және 5 миллион теңгеге дейінгі сомаға қайтарымды грант ала алады.
        Байқауға қатысу үшін assyltas.kz сайтындағы анкетаны толтырып, бизнесіңіз туралы қазақ тілінде 1-3 минуттық видео түсіріп, бизнес-жоспар жасау керек. Жеке басты куәландыратын құжатпен бірге барлық құжаттарды assyltasfoundation@gmail.com поштасына бір хатпен жіберу керек. Бизнес-жоспардың жобасы тек қазақ тілінде қабылданады.
       Байқауға кез келген түрдегі шағын бизнес өкілдері қатыса алады, алайда жеңімпаздарды таңдау кезінде креативті және әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беріледі. Олардың қатарына салауатты өмір салтын насихаттау, өндірісті ұйымдастыру және мобильді қосымшалар жасау, сондай-ақ қазақ тілі мен ұлттық өнерді дамыту жобалары кіреді.
        «Asyltas Business Help» компаниясының қайтарымды гранты – бұл жылдық мөлшерлемесі 0,01% болатын, яғни пайызсыз шағын несие деуге болады. Конкурс құрылтайшыларына заң бойынша пайызсыз несие беруге тыйым салынғандықтан, олар шағын несие бойынша көрсетілген ең төменгі сыйақыны белгілеуге мәжбүр.
         Толық ақпарат алу үшін 7788 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе 8 747 721 65 10 нөміріне WhatsApp-қа жазыңыз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...