ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Өзекті мәселе
07/06/2024
2 Views
Жақында кітапханамызда жас оқырмандарымыз үшін 1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Қуғын-сүргін жылдары» атты тақырыпта еске алу кеші болып өтті.
Бұл шараның мақсаты – шараға қатысушы оқушыларға қасіретті жылдар құрбандарын, жазықсыз жапа шегіп, саяси тұрғыдан қуғын-сүргін көрген ел ардақтылары мен ел зиялылары туралы толық түсінік беру және де ашаршылық пен репрессия құрбандары туралы да жаңа ақпараттармен таныстыру. Сондай-ақ, оларды жарқын болашақ үшін қызмет етіп, зұлмат заманның зардабын тартқан, «Халық жауы» атанып, жазықсыз құрбан болған азаматтардың рухына бас иіп, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.
Кіріспе бөлімінен кейін, «Отызыншы жылдар зары» атты баяндамамды оқыдым, содан кейін оқшылар кітапхана қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстанның «лагерлік өлкеге» айналу» тарихынан сыр шертетін және «Алаштың арыстары» атты кітап көрмелерімен танысты. Осылайша олар сол заман туралы толық құнды ақпараттарды ала алды.
Ал, шарамыздың қорытынды бөлімінде жас оқырмандарымыз саяси қуғын-сүргін құрбаны болған қоғам қайраткерлерін еске алып, олардың шығармаларынан өлең жолдары оқылды.
Зауре ИЛИМОВА,
Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев ауылының филиал № 2-ші кітапханасының меңгерушісі.
2024-06-07