Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

          «Халық заңгері» – Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.
          Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін Жетісай ауданында да өтті.
          Осы аталмыш акцияға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовпен қатар өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Мырзабек Менисбаев, нотариус Гүлнұр Акилбаева мен Түркістан облысы заңгерлер палатасының заңгері А.Ақшораев қатысып, жергілікті 55 азаматқа шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.
           «Бүгінгі акцияның маңызы жоғары екендігі сөзсіз. Өйткені, әрбір тұрғын акция аясында шешімін таппай жүрген даулы мәселелері бойынша нақты құқықтық кеңестерін алып, кейбір мәселелерде медиация тәсілдері жүзене асып жатады.
           Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтарға аудандағы мемлекеттік органдар мен облысымыздағы заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмектер көрсетілді» дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай қаласы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...