Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

         Балалық шақ – адам дамуындағы аса маңызды кезең. Өйткені, дәл осы кезеңде салауатты, табысты, әрі бақытты өмірдің негізі қаланады. Бүлдіршіндер – жасампаз мемлекетіміздің болашағандықтан қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олардың амандығы – мемлекетіміздің кемелді келешегінің сенімді кепілі.
         Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің көңілін көтеру мақсатында Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Ұлжалғас ана» мейрамханасында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шара өтті.
         Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қатысты.
           «Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаздың алғашқы күнімен қатар келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке. Бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Дүниеде баланың жадыраңқы жүзі мен бақытты келбетінен артық қуаныш жоқ. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасай отырып олардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарының шешімін табамыз. Оларға әрдайым қолдау көрсетуді тоқтатпауымыз керек. Бала тәрбиесіне атсалысып жүрген барша мейірімді жандарға айтарым тек алғыс» деді аудан әкімінің орынбасары.
            Аудан бойынша бүгінгі таңда18 жасқа дейінгі 1373 мүмкіндігі шектеулі бала бар болса, оның 325-і үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер. 49 бала І топ, 296 бала ІІ топ, 438 бала ІІІ топ мүгедегі ретінде есепке алынса, 590 балатобы бойынша тіркелмегенімен мүгедектігі барлар.
            Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру, әлеуметтік оңалту шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынатын арнайы орталықтар жұмыс істеуде.
         Осы іс-шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Демеушілік жасаған жомарт жандарға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың алғыс хаттары табыс етілді. Аудан өнерпаздары мен мерекеге қатысушы бүлдіршіндердің мерекелік концерттік бағдарламалары ұсынылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай  қ.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...