ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Саясат, Экономика
03/06/2024
1 Views
Қазіргі таңда негізгі табысы – агросектор саласы болып табылатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден өткізу, ауыл шаруашылығы өнімі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүйелендіру бойынша жалпы Жетісай ауданы бойынша қалпына келтірілетін 210 дренаждың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында Мақталы, Қызылқұм, Абай, Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округітерінде басталған болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды «Киикбай стройсервис» ЖШС мен «АРТ Құрылыс» ЖШС мекемелері жүргізеді.
Бүгінгі күні ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» есебінен жүзеге асырылып жатқан тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жобасы келер жылдың желтоқсан айында толықтай іске қосылып, нәтижесінде 37 мың гектардан астам суармалы жерлердің мелоративтік жағдайы жақсаратын болады.
Айта кетейік, ауданда тік ұңғымалы дренаждардың істен шығуының салдарынан жер асты суы өз деңгейінен жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған. Сол себептен де тік ұңғымалы дренаждардың қалыпты жұмыс істеуі аса маңызды мәселе саналады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2024-06-03