Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«Халық» қоры бірқатар игі жобаларды атқаруда - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «Халық» қоры бірқатар игі жобаларды атқаруда

«Халық» қоры бірқатар игі жобаларды атқаруда

       Бүгінде «Халық» қоры бірқатар игі жобаларды атқаруда. Соның ішінде Маңғыстау облысында 5 жобаны қолға алған болатын.
         Қазір «Халық» қорының жобалары бойынша балалар, жаттығу алаңдары мен футбол алаңдары салынды. Жер асты суларын тартып, оны тұщыландырып, жасыл желектерді суару мақсатында төмен қуатты тұзсыздандыру қондырғысы орнатылды.
          Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында ауыз суды тұзсыздандыруға арналған қондырғы қойылды. Сонымен бірге Маңғыстау облысына қарасты Бейнеудегі дәнді дақылдар терминалын қайта іске қосу жүзеге асырылмақ. Жаңаөзенде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының сметалық жобасы әзірленуде.
         Жүзеге асырылған бастапқы жобадағы балалар, жаттығу алаңдарын салу және футбол алаңдары бойынша жұмыстар жүргізіліп, 46 нысан алдын ала белгіленген жерлерде пайдалануға берілді. Жоба бюджеті – 402,5 миллион теңгені құрады. Ал Жаңаөзенде жер асты суларын тартып, оны тұщыландырып, жасыл желектерді суару мақсатында төмен қуатты тұзсыздандыру қондырғысын орнатуға – 35 миллион теңге жұмсалды.
          Маңғыстау облысының Түпқарған ауданы Ақшұқыр ауылы үшін тәулігіне қуаты – 4000 м3 құрайтын ауызсуды тұщыландыру зауытын салуға – 300 миллион теңге қаралды.
           Сондай-ақ Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу астық терминалын сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсетуге – 1,8 миллиард теңге бөлінді. Маңғыстау облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға, сонымен қатар Маңғыстау әкімдігімен және «Маңғыстау» ЗТБ индустриялық палатасымен» қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт келісілген және қосымша келісімге қол қойылуға әзір.  Аумағы 4 гектар учаскені құрайтын денешынықтыру-сауықтыру спорт кешеніне – 1 миллиард теңге қарастырылған. Эскиздік жоба дайын. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
          Енді Қор тарапынан құрылыс кезеңінде жер учаскесін өтеусіз жалға алу құқығына рұқсат алу ісін жүзеге асырылуда.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...