Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Жалибек учаскесіне қатысты серіктестікке қол қойылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Жалибек учаскесіне қатысты серіктестікке қол қойылды

Жалибек учаскесіне қатысты серіктестікке қол қойылды

       АстанаҚазақстан  «QazaqGaz» ҰК» АҚ  және  «Шеврон»  корпорациясы,  өзінің еншілес компаниясы «ШевронМұнайгаз Инк.» (Шеврон»)  арқылы  Ақтөбе облысыЖаңажол және Урихтау кен орнына жақын орналасқан 
Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын  жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды.
       Айта кетейікбұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде «Шеврон» қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.
         Келісімге «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.
        «Осындай маңызды газ жобасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті, және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шеврон»компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді», — деді Дерек Магнесс.
        Айта кетейік, жоба акционер «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асады.
       «Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жалибек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру,тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және елэкономикасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз»,  деді Санжар Жаркешов.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...