Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі – 2020 жылдың басынан бері 12 мыңға жуық этникалық қазақ отанына оралды-деп мәлімдеме жасады.
«Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды», – делінген мәлімдемеде, сонымен бірге осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден келгені де айтылды.
Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанса, 10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құраған екен.