БАҚ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жаңалықтар
29/06/2024
5 Views
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай ауданындағы телеарна, басылымдар мен сайттардың журналистері, сала ардагерлерін құттықтап, өңірдің медиа кеңістігін дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
«Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары жауапкершілік және кәсіпқойлықпен ерекшеленеді. Аймақта 1 телеарна, 5 мерзімдік басылым және көпетген ақпараттық портал редакциясы бүгінде заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары бағалаймыз. Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін» деді Серік Үсенұлы.
Аталмыш шараға аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов пен ауданның медия кеңістігіне жаңадан қадам басып келе жатқан жастар қатысты. Журналистиканың маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бауыржан НАЙМАНОВ.
2024-06-29