Home » Business » КОЛЛЕДЖ 55-ШІ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

КОЛЛЕДЖ 55-ШІ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

          Еліміздегі жастардың кең көлемде әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алулары үшін толығымен жағдай жасалған білім ордаларының бірі, 59 жылдық тарихы бар Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде жылдан-жылға оқу базалары жаңартылып келеді. Ынталы, ізденімпаз, жаңашыл жастардың толыққанды маман иесі брлып жетілуіне де барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
          Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров, аудандық мәслихаттың депутаты әрі төрағасы Медет Қасымов пен аудандық мәслихат депутаты Эльмира Темірбаева аталмыш оқу орнының биылғы бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысты.
          «Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар мен жастарға арналған білім, кәсіпкерлік, медицина мен ауыл шаруашылығы салаларындағы мол мүмкіндіктердің шапағатына бөленіп жүрген сіздер өте бақытты жансыздар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қарашаңырақ білім ордасы талай таланттардың бағын ашып, білікті мамандарды түлетіп ұшырған. Ол азаматтар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Сіздер де колледж қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің дамуы жолында сарп ететіндіктеріңізге сенімдімін» деген аудан басшысы колледжді үздік бітірген түлектерге диплом табыстады.
          Әлемдік ареналарға көтерілу үшін озық технологияларды еркін меңгеріп, алпауыт мемлекеттермен иық тіресетіндей сапалы білім алуға, ізденуге үндейтін аталмыш колледжде өткен оқу жылында 1340 студент 11 мамандық бойынша білім алса, 215-і өз мамандықтары бойынша диплом алатындар. Оның 26-сы үздіктер.
           Шара барысында бітіруші түлектерге ақ жол тілеген халық қалаулылары диплом табыстау рәсіміне қатысты. Естелік суретке түсті.
          «Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ордасына келіп, бітірушілерімізге диплом табыстау салтанатына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және біздің түлектеріміз де өздеріңіздей ел басқару ісіне араласып, жарқын болашақ үшін аянбай еңбек ететіндеріне сенімдіміз. Өйткені, біздің оқу ордамызда оқыту процесі тек білім берумен ғана шектелмейді, тәрбие, салт-дәстүр, салауатты өмір салтын ұстану секілді құндылықтармен ұштастырылады» деген колледж директоры Лаззат Баймағанова шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен таныстырды.
         Салтанатты кештің шырайын кіргізген білім ордасының студенттері мен ұстаздары әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ӘРІБІ!

     ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР, ...

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

       Аудан ...

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ

        ...

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

        ...

2,5 ПАЙЫЗДЫҚ МИКРОКРЕДИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

        ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

      Баршаңызды ...

АУДАН ӘКІМІ «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

       Бала ...