Түркістан қаласында, Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен тоғызқұмалақтан «V Дүниежүзілік көшпенділер ойының қолдау аясында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған «Абай жүлдесі» турнирі болып өтті.
Түркістан қаласы мен облысымыздың барлық аудандарынан кілең мықтылар жиналған турнирде, Жетісай ауданының командасы әдеттегідей мықтылығын танытып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды.
Қызықты әрі тартысты өткен жарыстың нәтижесінде бірінші орын Қазығұрт, ал үшінші орын Бәйдібек аудандарының тоғызқұмалақшыларына бұйырды.
Өз тілшімізден.