Ел жүрегі – Астана
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жаңалықтар, Мерекелік шара, Руханият
05/07/2024
54 Views
«Alikhan Bokeikhan University» кітапханасында Астана күнін мерекелеу аясында «Ел жүрегі – Астана» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне, Астананың көне атауы, сонан кейінгі атауларынан сыр шертетін тарихы терең кітаптар қойылды. Атап айтсақ, сонау Бозоқтан бастап Целиноград, Ақмола, Астана атауларымен өткен жолды ашып көрсететін Астана қаласының негізі қаланған күннен бастап дамуының тарихи маңыздылығын айғақтайтын қаншама сериялы кітап-басылымдары қойылып, бірқатар шолу да жасалды.
Көрмеден орын алған Ақордамыздың тарихы, өткені, бүгіні мен болашағы, елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектілері туралы кітаптардың мазмұны жайлы баяндалғаны менмұдалап өзіне шақырып тұр. «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында», «Астана: суретшілер көзімен», «Астана. XXI ғасыр» манифесі, «Астана» сәулеттік жолсілтемесі сияқты мол деректер мен қом мағлұмат берілген кітаптар легі зерделі зерек ойлы оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлер мен ақылдаса тарту сый іспетті темірқазықтай тартылған жас ақын Ерік Омарғалиевтің жүрекжарды «Жүрегімсің – Астана» ақпарақ-суретті жыр жолдары оқырман қауымның қызығушылығын тудырары анық.
Барлық көрмеге сыптай тізіліп жым-жымдап қойған керемет үйлескен кітаптар: Елордада салынған жаңа нысандар мен ғимараттардың, Астана көшелерімен саяхат жасауға және қаланың көрікті жерлерімен танысуға айтарлықтай көп көмектеседі десек еш асылық айтқандық емес те. «Астана. XXI ғасыр. «Астана Еуразия Жүрегінде» сынды көптеген кітаптар қатары жарыққа шыққан көрменің мәні мен сәнін келтіріп-ақ тұрғаны шындық. Еуропалық және шығыс мәдениетінің үздік дәстүрлері тоғысқан сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі бейнесін барынша толық ашып көрсетіп, елдің келешегі үлкен сенім ұялатады.
Сондай-ақ, Қазақстан-Семей телеарнасының «Елге сәлем!» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасына кітапханамыздың қызметкері арнайы мереке күніне орай шақырылып, ұйымдастырылған аталмыш көрме жайында сұқбат берді.
Гүлдей құлпырған бүгінгі Астанамыздың сәулетті де мәрмәрлі келбеті жаңа Қазақстанның мақтанышына, елдің ұлттық идеясы бекітілуінің және бірігуінің символына айналғанын аңғарамыз. Бақ Ордам – жайна мәңгі, жарқыра!
2024-07-05