МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлеумет, Өзекті мәселе
25/06/2024
1 Views
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жұмыс сапарымен Жетісай ауданында болып, әлеуметтік нысандарды аралап,тұрғындармен кездесулер өткізді.
Б.Тәжібаев мырза осы сапары барысында аудандағы этнос өкілдерімен және қоғамдық ұйым басшыларымен кездесу өткізіп, солармен сұхбаттасты. Осы кездесулерде оған азаматтар тарапынан – стадион салу, билбордтар орнату, мектеп жолы бойында асфальт салу, жарықшамдар орнату секілді өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, жиын барысында «Ата-аналар өз балаларына деген жауапкершіліктерін арттырса» деген тілектер де айтылды.
Аудн тұрғындарымен өткен кездесулерден соң облыс әкімінің орынбасары ауданда қарқынды жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыстарын аралап көрді. Бірінші кезекте Б.Тәжібаев, құрылысы 2023 жылы басталған – Жылы су ауылдық округі, Баққоныс ауылындағы ФАП-тағы (Мердігері – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Жоба құны – 303, 208 млн. теңге) жұмыстардың барысын көрген соң, Жетісай аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеуден кейінгі жағдайымен танысты. Ол жұмыстарға –«ҚазЕвроСтрой» ЖШС мердігерлік еткен болатын.
Бүгінде аталмыш аурухананың алдынан заман талабына сай қабылдау бөлімі ашылса, ангиограф медициналық құрал-жабдығы да орнатылған. Одан бөлек мұнда магнитті резонанстық томографияның медициналық құрал-жабдықты орнату үшін қосымша ғимараттар да бой көтерген. Соның арқасында алдағы уақытта күрделі оталарды осы ауданда да жасауға мүмкіндік туады.
Осы нысандарды аралап болғаннан кейін, облыс әкімінің орынбасары – Қазыбек би ауылдық округіндегі №17 Түркістан жалпы орта мектебінің ғимаратымен де танысты. 1972 жылы салынған, екі ауысымда 628 бала білім алатын типтік білім ошағының ғимараты екі қабатты. Облыс әкімінің орынбасары бұл білім ордасын күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс беруді тапсырды.
Сондай-ақ, Б.Тәжібаев мырза, алғашқы шымылдығын 1969 жылы ашқан Құрманбек Жандарбеков атындағы облыстық Жетісай драма театрында да болып, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
2024-06-25