Home » PRESS RELEASE » News » СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

           Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.
       Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су қоймасының жағалауында жүргізілді. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Басты табыс көзі диқаншылық болып табылатын аудан тұрғындары үшін ағын судың алар орны ерекше. Ал Шардара су қоймасы өңірдегі ағын су қоры жиналған бөгет саналады. Сонымен қатар, одан су қоймасынан төменде орналасқан елдімекендердің егістіктері суғарылады. Сол себепі де бұл су қоймасының бойындағы тазалық мәселелеріне ерекше мән беріледі.
        Аудан тұрғындарын көшелер мен елді мекендердегі, су қоймасы жағалауындағы тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, арнайы бекітілген аумақтарында жұмыстар жүргізеді. Өйткені, қоғамның назарын тұрғылықты жердің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктерді тұрақты түрде ұйымдастырудың маңызы өте зор.
         Одан бөлек, күнделікті жүргізіліп отырған сенбілік аясында да мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартуда. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, ирригациялық жүйелер тазалануда.
        Коммуналдық сала мамандарының мәліметінше аталмыш тазалық жұмыстарына 1600 адам мен 10-ға жуық техника қатысып, 50 тонна қоқыс шығарылған.
          Осы жерде айта кетерлік жағдай, аудан көлемінде өткен сенбілік шарасын ұйымдастырушылар тазалық жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да жұмылдырылғанын айтады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

        ...

100 БҮЛДІРШІНГЕ 100 СЫЙЛЫҚ

        ...

БҰҰ АТМЭӘК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА KAZAKHSTAN TECH SOLUTION DAY ӨТЕДІ

        ...

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚОР 17 ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

        ...

Д.ТАСТЕКЕЙ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

        ...

26 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚ ШЕКАРАСЫ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТПЕН АЙҚЫНДАЛҒАН КҮН

     26 тамызда ...

ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

 С праздником – Днем родной земли!

      Дорогие ...

ЖЕРІМІЗДІ АЛЫП, ЕЛІМІЗДІ ҚҰРЫП БЕРГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ!

        ...

ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

        ...