Home » Business » «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРАПАТЫ МОЛ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРАПАТЫ МОЛ

           Биылғы жылы Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілсе, бүгінгі таңда бақша, көкөніс, жеміс-жидек және жүзім дақылдары мен мал азықтық дақылдарын жинау науқаны қарқынды жүргізіліп, ерте көктемде және ашық топыраққа егілген дақылдардан алынған өнімдер таяу және алыс елдерге экспортталып жатыр.  Осы бағытта жұмыс істеп, жерден нәпақасын тауып отырғандардың арасында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алып, өз ісін дөңгелетіп отырған  фермерлердің де бары анық.
        Өңірімізде «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ  тарапынан жүзеге асып отырған «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету болып табылады. 2,5 пайызбен 7 жылға дейін берілетін «Ауыл аманаты» жобасының шарттарына сәйкес несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалана алады. Айта кетейік, аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына несие 7 жылға дейін беріледі. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.
         2023 жылы облыс әкімі, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған ауданымыздың  Қарақай ауылдық округіндегі шағын отбасылық сүт фермасында болып, оның жұмысымен жан-жақты танысқан болатын. Мемлекеттен 7 млн. теңге көлемінде несие алған ауыл тұрғыны 30 сауынды сиыр сатып алып, одан жылына 33,5 тонна сүт сатуды жоспарласа, алдағы уақытта асылтұқымды сиырлар сатып алып, мүйізді ірі қара малдың да өнімділігін арттыруды көздеп отыр. Сол фермадан кейін  облыс әкімі Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабында да болды. 500 гектарға жуық жерде мақта, жүгері, жоңышқа және бақша дақылдары егілсе, 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында диқандармен кездескен облыс басшысы егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір айтты.
          Атап кетерлігі, биылғы жылы да бұл бағдарлама аясында кәсіпкерлікке ден қойып жатқан азаматтар жетерлік. Солардың ішінде жастар да бар. Жақында Асықата кентінде 21 жастан 35 жасқа дейінгі аралықтағы сондай жас кәсіпкерлерді қолдауға және жаңадан кәсіп ашам деген жастарға арналған 2,5 пайыздық несие бойынша арнайы ережелердің таныстырылымы өтті.  Несие мерзімі – 5 жылға дейін болғанмен, егер жас кәсіпкер несиені мал шаруашылығы бағытында алатын болса, оның мерзімі 7 жылға дейін созылатыны және де жастарға негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілетіні айтылды. Алайда оның ұзақтығы микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспауы керектігін есте ұстау керек.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

        ...

100 БҮЛДІРШІНГЕ 100 СЫЙЛЫҚ

        ...

БҰҰ АТМЭӘК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА KAZAKHSTAN TECH SOLUTION DAY ӨТЕДІ

        ...

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚОР 17 ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

        ...

Д.ТАСТЕКЕЙ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

        ...

26 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚ ШЕКАРАСЫ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТПЕН АЙҚЫНДАЛҒАН КҮН

     26 тамызда ...

ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

 С праздником – Днем родной земли!

      Дорогие ...

ЖЕРІМІЗДІ АЛЫП, ЕЛІМІЗДІ ҚҰРЫП БЕРГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ!

        ...

ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

        ...