МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Билік, Өзекті мәселе
02/07/2024
3 Views
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимур Қырықбаев Мақтаарал ауданына іс-сапармен келіп, ең алдымен депутат аудандық партия филиалының ғимаратында, азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Осы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар – Атакент кентіндегі стадион мен саябақты реконструкциялау, рұқсатсыз сатылып жатқан психотроптық дәрілерге тоқтам қою, жұмысқа орналасу, аудан аумағынан әуежай салу, ПУИД-2 бағдарламасы аясында салынған каналдардың сапасыз жұмыстары, дренаждарды іске қосу, Мырзакент мақта өңдеу зауытынан шығатын шаң, «Ауыл аманаты» жобасы аясында беріліп жатқан 2,5 пайыздық несие, учаскелік жер телімдерін беру, медициналық нысандар салу, әлеуметтік сала, ауыз су, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту, техникалық қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру және «Асыл» бағдарламасын Мақтаарал ауданына енгізіп беру бойынша мәселелер көтеріліп, сұрақтар қойылды. Депутат осы сауалдардың барлығына жан-жақты тыңдап, өтініш иелеріне нақты жауаптар қайтарды.
Қабылдаудан кейін Т.Базарбайұлы «Мырзакент» емханасында болып, аудандағы денсаулық сақтау саласы бойынша өзекті мәселелермен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулысы суғару маусымының барысымен және ИДЖЖ-2 жобасы аясында тік дренаждарды іске қосу бағытында орын алған өзекті мәселелерді талқылау жөнінде Еңбекші ауылдық округінде тұрғындармен және сала мамандарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғбас елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан «Алғабас» мәдениет үйінде болып, ауданның мәдениет саласындағы инфрақұрылыммен танысты.
Т.Қырықбаев мырза осы сапарында Мақтарал ауылдық округіне қарасты, Өркениет елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінде де болды. Жалпы спорт кешенінде үлкен спорт залы, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған. Мұнда спорттың гандбол, баскетбол, волейбол, бокс, гимнастика, ауыр атлетика және жеңіл атлетика түрлері дамытылатын болады.
Айта кетерлігі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты сондай-ақ, аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысында арнайы барып көрді.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК.
2024-07-02