Home » PRESS RELEASE » News » 135 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЛАМАН БӘЙГЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

135 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЛАМАН БӘЙГЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

         Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында Абай облысы, Ақсуат ауданында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды.
         Қазақтың ұзақ жүріске шыдамды қазанаттарын һәм Алаштың атқа мығым отыратын, шымыр шабандоздарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен 80-ге жуық сәйгүлік қатысты.
Нәтижесінде Маңғыстау облысынан үкіленіп келген «Көкжебе» атты жүйрік мәреге бірінші келді. Бұл аттың иесі – Ербол Ермағанбетов.
        Екінші болып Алматы облысы Кеңсай ауылынан ат иесі Маейемеров Ержанның «Кеңсай» атты сәйгүлігі келді. Үздік үштікті Жетісу облысынан келген «Қаһарман» атты бәйге түйіндеді, иесі Шамиль Қадыров.
        Аталған бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде толықтай жалғасатын, халыққа рух сыйлап, мерейін өсіретін «Асыл бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында ұйымдастырылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

        ...

100 БҮЛДІРШІНГЕ 100 СЫЙЛЫҚ

        ...

БҰҰ АТМЭӘК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА KAZAKHSTAN TECH SOLUTION DAY ӨТЕДІ

        ...

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚОР 17 ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

        ...

Д.ТАСТЕКЕЙ: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

        ...

26 ТАМЫЗ – ҚАЗАҚ ШЕКАРАСЫ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТПЕН АЙҚЫНДАЛҒАН КҮН

     26 тамызда ...

ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

 С праздником – Днем родной земли!

      Дорогие ...

ЖЕРІМІЗДІ АЛЫП, ЕЛІМІЗДІ ҚҰРЫП БЕРГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ!

        ...

ТУҒАН ЖЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

        ...