ЦИФРЛЫҚ МИНИСТРЛІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚШ-ТА
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Кәсіпкерлік, Саясат, Экономика
25/07/2024
2 Views
Министр Жаслан Мәдиев бастаған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы Америка Құрама Штаттарында жұмыс сапарымен жүр.
Іс-сапардың мақсаты – АҚШ үкіметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу, NVIDIA, Microsoft, Amazon, Space X және т.б. әлемдегі жетекші технологиялық алпауыттармен серіктестік орнату және нығайту.
Екі жақты кездесулермен ірі IT-компаниялармен венчурлік қорлардың кеңселеріне баруды қамтитын бағдарлама жоспарланған.
Ірі технологиялық компанияларды (big-tech) тарту мақсатында Қазақстанға бірлескен жобаларды түсіну үшін бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Тараптар сондай-ақ байланыс, цифрлық инфрақұрылым, деректерді жіктеу, бұлтты технологиялардың басымдылық саясаты (cloud-firstpolicy), елдің халықаралық байланысы (connectivity) жәнет.б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, цифрлық министрлік басшысы шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіретін Digital Nomads IT-қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Орталық Азия стартаптарына арналған жаңа акселерациялық бағдарламаларды іске қосу үшін Кремний алқабындағы Silk road Innovation Hub-қа баруды жоспарлап отыр.
ҚР ЦДИАӨМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
2024-07-25