Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ УАҚЫТША БАСПАНАҒА КӨШІРІЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ УАҚЫТША БАСПАНАҒА КӨШІРІЛЕДІ

АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ УАҚЫТША БАСПАНАҒА КӨШІРІЛЕДІ

          Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Жетісай қаласы, Қожанов көшесі бойындағы реновация бағдарламасына ұсынылған №27, №29 тұрғын үйлердің тұрғындармен кездесіп, мәселенің оңды шешілу жолдарын талқылады.
        1954 – 1957 жылдары салынған қос қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде бүгінде 16 жекеменшік пәтер бар. Көп жылдардан бері тұрғындар тарапынан тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен соңғы 6-7 жылда апаттық жағдайға жетіп, қабырғалары жарылған. Сылақтары түсіп, шатыры ескірген. Едені жарамсыз күйде.
        Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, апатты баспананың мәселесін оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Апатты үйдің орнына жаңадан көппәтерлі тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатқанын, қолдау тапқан жағдайда құрылыстың басталатынын жеткізді.
        «Біз қазір осында тұрып жатқан тұрғындардың баспана мәселесін тезірек шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Мейлі ол мемлекеттің, мейлі кәсіпкерлердің есебінен болар шешілетін күнін ұзартпауға әрекет жасаймыз. Жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталғанша осындағы тұрғындарды уақытша жалдамалы пәтерге көшіріп, пәтер ақысын төлеп тұруды аудан өз міндетіне алады. Біз осындай қорытындыға келдік» деді аудан басшысы.
        Айта кетейік, 50 мыңға жуық тұрғыны бар Жетісай қаласындағы 133 көппәтерлі тұрғын үйде 1500-ге тарта азамат тұрады. Қазірдің өзінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кондаминиум бағдарламасы аясында мемлекеттік акт алынған 71 көппәтерлі тұрғын үйдің 44-не оң қорытынды берілген. Ал, 18 үйге жерге орналастыру жобасы жасалған. Алдағы уақытта бағдарлама аясында барлық көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...