Home » PRESS RELEASE » News » САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

           Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов жауапты сала мамандарымен бірге қаланың санитарлық тазалығы мен жүргізіліп жатқан абаттандыру шараларының барысымен танысып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар берді.
           Алдымен аудан басшысы 2013 жылы қолданысқа берілген «Абай» гүлзары мен «Тәуелсіздік» монументі аумағында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
          Жергілікті қазынадан қаралған 30 млн теңгеге демалыс орнының жалпы аумағы 1000 шаршы метр аяқ жол салынып, 30 дана жарықшамдар мен автоматты суландыру жүйесі жаңартылатын, ыстыққа шыдамды газондар егілетін болады. Негізгі жұмыстарды жүргізіп жатқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Жетісай қызмет» мекемесінің жауаптыларымен жүздескен Серік Үсенұлы жұмыстың сапасына аса мән беру қажеттігін ескертті.
         «Жетісай қаласының қақ төрінде бой көтерген «Абай» ескерткіші жастардың рухани, мәдени орнына айналуы керек. Ұлы ақынның тау тұлғасы мен «Тәуелсіздік» монументі, «Құрметті азаматтар аллеясы» мен «Даңқты азаматтар аллеясы» біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, тарихымыздың шежіресіне айналып, жастарымызды білімге, адамгершілік пен еңбекке шақырып тұруы тиіс. Уақытқа емес, сапаға жұмыс істеңіздер. Сонда ғана ел алғысын аласыздар» деді аудан басшысы.
          Сонымен қатар, қала көшелеріндегі, әсіресе, арық-атыздар мен көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы санитарлық тазалық жұмыстарына, бей-берекет ілінген жарнамалық хабарламаларға талдау жүргізді. Кездескен кемшіліктерді көп ұзартпай жоюды, кәсіпкерлік нысандарға жұмысын жүргізуде қаланың көркін бұзбауды ескертті. Шаһар басшысына абаттандыру жұмыстарын жүргізуде жаңаша жобалар жасау керектігін айтты.
        Атан кетерлігі бүгінде Жетісай қаласында жеке тұрғын үй секторларынан бөлек 136 көппәтерлі тұрғын үйлер, жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздар бар. Арнайы белгіленген 18 қоқыс тастау орындарында 200-ге тарта қоқыс контейнерлері қойылғанымен кейбір азаматтар қоқысты көшеге тастауды әдетке айналдырған. Енді, заң мен тәртіпке мойынсұнғысы келмейтіндерді анықтап, тиісті шара қабылдау үшін қала ішіне 30 бейнебақылау камералары орнатылуда.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ӘРІБІ!

     ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР, ...

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

       Аудан ...

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ

        ...

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

        ...

2,5 ПАЙЫЗДЫҚ МИКРОКРЕДИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

        ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

      Баршаңызды ...

АУДАН ӘКІМІ «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

       Бала ...