Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТААРАЛ-МЫРЗАШӨЛДІҢ ЖҮРЕГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҚТААРАЛ-МЫРЗАШӨЛДІҢ ЖҮРЕГІ

МАҚТААРАЛ-МЫРЗАШӨЛДІҢ ЖҮРЕГІ

         Сонау тарихқа көз жүгіртсек, Мырзашөлдің мың тарихы ғана емес, сан мыңдаған жылдар тарихы барын байқаймыз. Оған дәлел бүгінгі ғылым, археологиялық қазба деректері, көне заманның ғұлама тарихшылары мен жиһанкездерінің жазбалары дәлел.
         Шаш-Ташкент шаһарынан таяқ тастам жерде жатқан, айналасын ғылым-мәдениет ордасы болған Отырар, Сайрам, Сығанақ, Иассы, Үргеніш сияқты қалалар қоршаса, үстінен қоңыраулатып дүниенің шартарабына Ұлы Жібек жолы керуені өткен Мырзашөлде тарих болмауы мүмкін емес.  Мырзашөлдегі адамның тіршілігі есте жоқ ескі замандардан бастау алған. Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) осы шөл далаға су таратып, гүлдендірмекші болғаны туралы халық арасындағы аңыздар әлі күнге дейін жұрттың аузында сақталған.  Себебі, әлдеқашан құрғап қалған  ежелгі үлкен канал жүлгелерінің бірі Ескендір-арық деп аталады.  Біздің дәуірімізге дейінгі 329-327 жылдары парсыларды бағындырғаннан кейін, А.Македонский Соғдианаға жорық жасағаны тарихи дәлелденген.
          Мырзашөлді алғашқы зерттеушілердің бірі П.П.Губинский 1897 жылы былай деп жазды: «Халық  аңыздарында бұл аймақ Орта Азияның егіншілігі дамыған өңірлердің бірі ретінде мадақталады».  Осы өлкедегі Ұтырлы қалашығы болған.  Кеңес одағы кезінде КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасының 1963 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақ КСР мен Өзбек КСР-нің шекарасына кейбір өзгерістер енгізу жөніндегі жарлығымен өкінішке орай негізінен қазақтар тұратын бұрынғы Сырдария губерниясы Таш-Қазақ уезі Иіржар облысындағы Шыбынтай, Тарторғай, Майлыкөл, Құмтөбе, Рабат, және т.б орманды, тоғайлы жерлерде орналасқан төрт жүзге жуық шаруашылық өзбек жерінің қарамағына кіріп кетті.  Қазақстан ғылыми зерттеушілерінің Мырзашөл өлкесіне көңіл бөлмеуінің тағы бір себебі осы. Ұтырлы қалашығындада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. 1971 жылы Өзбекстан археологиялық институтының экспедициясы Ұтырлының орнында қазба жұмыстарын жүргізген кезінде мұнда егіншілік, қолөнер және басқа да кәсіптер дамығанын көрсететін құнды айғақтар табылды.
          Жоғарыда атап өткен Александр Македонский аңызы, Рузбеханның жазбалары, қазба орындарынан табылған археологиялық  айғақтар – міне осылардың бәрі Мырзашөлде ертеде жоғары мәдениетті ирригациялық құрылыстар, суландыру жүйелері болғандығын дәлелдейді.
         Мырза даланың осындай бай тарихы мен зор мәдениеті болғанына біршама дәлел болатын сонау ертедегі арық-каналдар мен қала қиындылары жер асты қойнауында әлі де жатыр. Ал бергі замандағы құрылысы қолдан қиратылды. ХІХ ғасырдың басында Бұхар мен Қоқан хандықтарының арасындағы соғыстар ең алдымен күрделі ирригациялық құрылыстардың аяусыз қиралуына әкеліп соқты.  Жауласушы хандықтар өз аумақтарына қарсылыастарының бойлай кіруін қиындату үшін бірінші кезекте каналдар мен арықтарды тас-талқан етіп қиратып, шекара бойын қаңыраған шөл кеңістікке айналдырып отырды. Көрші хандықтардың соғыс салдарынан Мырзашөл даласы қаңырап бос қалды…
Сымбат КУДАЙБЕРГЕНОВА,
Мақтаарал аудандық орталық кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлім қызметкері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...