Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

           Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Олардың өздерін қоғамнан шет сезінбеулері үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып, барынша қамқорлықтар көрсетілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар да берген болатын.
        Берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда Жетісай ауданы әкімінің бастамасымен ауданда ілкімді істер жүзеге асырылып, күндіз болу орталықтары оңды нәтижелерге қол жеткізуде. Аталмыш орталықтар мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда.
       Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың жеке қабылдауында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында ем қабылдаушы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде «САБИ» қайырымдылық қорының демеушілігімен құны 3 млн теңге болатын «Экзороллер» мобильді реабилитациялық кешені сыйға тартылды.
        БЦП мен ми, жұлын жарақаттары, параплегия мен бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы секілді тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың тиімді құралы саналатын «Экзороллер» аппаратына деген қажеттілікті көтергендердің алғашқысы орталықта қызмет алушы Арафат Шаймерденнің анасы Айжан Егізбаева болды. Өйткені, бірнеше рет жүргізілген медициналық тексерулер өздігінен жүріп-тұра алмайтын ұлына аталмыш аппараттың тиімділігін көрсеткен.
         «Бұл аппараттың тиімділігін бізге еліміздің бірнеше мықты дәрігерлері айтты. Әйтсе де, бағасының қымбаттығы қолбайлау болды. Мәселенің мән-жайын айтып аудан басшысының жеке қабылдауына кіріп едік, шұғыл іске кірісті. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, ұлымды толық медициналық тексеруден өткізді. Бірнеше қайырымдылық қорларына хаттар жазылып, «САБИ» қоры демеушілік жасады. Бүлдіршіндеріміздің болашағына бей-жай қарамай, қайырлы іске атсалысқан барша азаматқа шынайы алғысымды айтамын» дейді Айжан Егізбаева.
          Бүгінде «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдар, сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді. Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді.
       «2018 жылы жұмысын бастаған орталықтың 10-нан астам қызмет алушысы бүгінде өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болып, мектеп табалдырығын аттағандары да бар. Мүгедектігі бар балалар және психологиялық мүгедектігі бар балаларды жалғыз қалдырмай мүмкіндігінше оларға жақындарының көмегін, айналасындағылардың тұрақты байланысын қамтамасыз етіп отырмыз. Балалардың ата-анасы, туыстары психолог мамандарымызбен тығыз байланыста болып, баланың қалыпты дамуына ықпал етіп келеді» дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков.
        Сонымен қатар, аудан басшысы оңалту орталығының жұмысымен танысып, қызмет алушы бүлдіршіндердің ата-аналарымен тілдесті. Мүгедектігі бар балалардың қабілеттерінің дамуына әсер етіп, шығармашылық және қарым-қатынастық қасиеттерін дамыту, балаларды әлеуметтік ортаға және өзара құрбы-құрдастарының арасына бейімделуіне ықпал ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, емдік-сауықтыру шараларына қажетті кез-келген көмекке қолұшын созатындығын жеткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...