Home » PRESS RELEASE » News » ОЙЫН АТТРАКЦИОНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

ОЙЫН АТТРАКЦИОНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

           Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге қаладағы орталық саябақта болып, ойын аттракциондарының қауіпсіздігімен танысты. Саябаққа келуші тұрғындармен тілдесіп, сын-ескертпелеріне назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
          «Кәсіпкерлер жұмысын заңды істеп, табысын адалынан табу керек. Бірінші кезекте келушілердің, балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерлерге кіруге болмайтыны жайлы тыйым салу белгілерін орнатыңыздар» деді аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесу кезінде.
            Сонымен қатар, Серік Үсенұлы саябақтағы әрбір ойын аттракциондарына арнайы қоршау орнатуды, өрт және техника қауіпсіздігін, санитарлық тазалықты қатаң сақтауды, ескі құрылғыларды қолданыстан шығарып, тиісті органдар тарапынан мақұлданған заманауи жабдықтарды ғана қолдануды тапсырды.
          Арнайы тексеріс барысында орталық саябақтағы 50-ге тарта ойын аттракциондарының 70 пайызында қауіпсіздік ережелерінің толық сақталмағандығы анықталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...