АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Жаңалықтар, Саясат
12/08/2024
160 Views
«Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды. Салтанатты рухани шара күллі ел мен мұқым Алашты қуантты десек артық айтқандық болмас. Себебі, бұл шараның рухани маңызы өте терең. Хакім Абайдың Өлеңтөбесі – осында. Жүрегінен шерлеп, қаламынан сермеп, ойынан тербеп төккен асыл да ғасыр өлеңдері осы – ұйық, осы – бесікте дүниеге келді.
«Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанатына көптеген елге белгілі азаматтар, облыс әкімі Ұранхаев Нұрлан Телманұлы да қатысты. Стелланың авторы, белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.
Хакім Абай күні мерекесімен тұспа-тұс келген айтулы шара ел мерейін тағы бір көтеріп тастады. Өткенде ғана Құнанбай қажы Өскенбайұлының 220 жылдығына көптеген іс-шаралар атқарылды, әлі де атқарыла береді. Бұйырса 225 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады деген мұратты талап-тілегіміз бар.
Стелланың идея – мазмұнына тоқталып өтсек: мұндағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткер бейнесін танытады. Сонымен қатар, стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен дарынды һәм қайсар қайраткер тұлғаларының ұлылығын білдіреді.
Аталмыш стелла ел руханияты мен мәдениетіне ізгі ниет танытып, жомарттық көрсеткен «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды. Осындaй игі бастамалар, «Абайшыл азаматтармен» өз жалғасын табады деп сенеміз. Даналар даласы рухымен тербеп, жұртымыз өркендеп дами берсін!
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы.
Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағының» төрағасы.
Абай облысы, Абай ауданы, Ақшоқы аулы.
2024-08-12