АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлеумет, Саясат
14/08/2024
5 Views
Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім беру нысандарында болып, жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысты. Нысандарды аралау барысында мердігер мекеме өкілдерімен, мектеп директорларымен және ауыл билерімен тілдесті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан оқу ғимараттарының, спорт залы мен жылыту қазандықтарының, орнатылған бейнебақылау камералары мен турникеттердің, ішкі әжетханалар мен кәріз жүйесінің жұмысқа жарамдылығын тексеріп, мектеп аулаларының тазалығы мен спорт алаңшаларының жағдайын көрді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жойып, олқылықтардың орынын толтыруды, жаңа оқу жылына барлық мектептердің жөндеу жұмыстарын тәмамдауды тапсырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.
2024-08-14