Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ШАРУАЛАР ҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ТИІМДІ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ШАРУАЛАР ҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ТИІМДІ

          Ағын су көздерін технологиясын тиімді пайдаланудың жаңа технологиясын ендіру арқылы мол өнімге қол жеткізу мақсатында биылғы жылы Мақтаарал ауданы бойынша 340 гектар аумаққа қырыққабат, 441 гектар жерге бақша және 500 гектар мақта алқабына тамшылатып суғару технологиясы енгізілген болатын.
         Осы технологияның тиімділігін шаруаларға жан-жақты түсіндіру мақсатында «Хамро Ата» шаруа қожалығының егістік алқабында ауданның шаруа қожалықтарының қатысуымен семинар-кеңес болып өтті.
         Осы семинар  барысында негізгі назар –  ауданымызда жаңадан қытайлық тамшылатып суғару технологиясы әдісімен 500 гектар жерге жүйек арасы 60-70 сантиметр етіліп егілген мақталықтың тиімділігіне аударылды. Сонымен қатар, семинар барысында тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаураларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80 пайызы субсидияланатыны, бұған қандай құжаттарды туралау керектігі туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары шаруаларға жан-жақты түсіндіріп берді.
         Шаруаларға осы технологияның тиімді жақтарын қарастыру мақсатында өткен осы семинар-кеңеске Қытай мемлекетінен келген компания өкілдерінен бөлек, отандық өнім өндіруші болып саналатын «BNK group» ЖШС мамандары тарапынан қажетті құрылғыларды сатып алу бойынша пайдалы кеңестер берілді.
С.ҚУАНЫШБЕК, Мақтаарал ауданы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...