АУЫЛДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН БОЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, Әлеумет, Өзекті мәселе
11/08/2024
4 Views
Ауданымыздағы ең бірінші құрылған ауылдардың бірі, ғасырға жуық тарихы бар Қарақыр елдімекеніне көгілдір отынның желісі тартылып жатыр. Егер бәрі жоспардағыдай жүзеге асатын болса, онда ауыл тұрғындары келесі жылы табиғи газдың қызығын көретін болады.
Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты бұл елдімекеннен басқа 5 елді мекенде де әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешіліп жатыр. Халық саны 6 мыңнан асатын ауылдық округтегі 38 көшенің 85 пайызы жөндеуден өтсе, елді мекен халқы ауыз сумен толық қамтылған. Барлық ауылдарға жарықшамдар толықтай орнатылған десе де болады. Ауылдағы басқа да коммуналдық мәселелер біртіңдеп өз шешімін табуда.
Айта кетерлігі қазіргі таңда ауданда барлығы 69 елді мекен болса, соның 45-і табиғи газбен қамтылған. 2023 жылы Иіржар ауылдық өкругіне қарасты 9 елді мекенге көгілдір отын берілген болса, қалған ауылдарға құбыр тарту үшін жобалау-сметалық құжаттамалары рәсімделген болатын. Сол жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы 9 елді мекенге газ тартылып жатса, 5 елді мекенді табиғи газға қосу жоспарлануда. Тағы да 10 елдімекенге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, аудан елдімекендерін 2026 жылы толықтай көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.
Сүңғат ҚУАНЫШБЕК, Мақтаарал ауданы.
2024-08-11