МАҚСАТ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Posted by: Қалмұрат
in Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Өзекті мәселе, Пайдалы кеңестер, Экономика
25/07/2024
1 Views
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру болып табылады. Оның шарты бойынша ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен берілуде.
2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында еліміз бойынша 12,2 млрд. теңгеге 75,5 мың шағын несие беріліп, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысында 3 256 млрд. теңгеге 19,8 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны ашылды. Кооперативтер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға басымдық берілді.
Осы бағдарлама арқылы жүзеге асқан барлық жобалар тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, жалпы өңірге оң әсер етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.
Елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидалары бекітілді. Шағын несиелер өтініш берушілерге мерзімі, төлеу, қайтару, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану қағидаттарының шарттары келесідей:
-
шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру – 7 жылға дейін;
-
шағын несиенің ең жоғары мөлшері – 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 АЕК-ке дейін.
-
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%-дан аспайды;
-
кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
-
негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең шағын несиелеу мерзімі 1/3 аспайды;
-
шағын несие беруге мақұлдау алғаннан кейін ҚР салық заңнамасына сәйкес салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
Елді мекендердің және шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының кірістерін арттыру жобасын іске асыру шеңберінде шағын несиелер алуға жұмыссыздар, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және жек кәсіпкерлер, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өтініш бере алады. Сонымен бірге сату үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер де несиелеуге қатыса алады.
Атап кетерлігі 2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бұл қаржы 16 мыңнан астам шағын несие беруге бағытталып, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
2024-07-25