Home » Sports » Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

       Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатында Олимпиадаға барған боксшылардың кемшілігі туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
      Амалбек Тшанов Олимпиадаға барған боксшылардың шаршап қалғанын атап өтті.
       «Жастайымнан бокста жүрген адаммын. КСРО-ның спорт шеберімін. Сондықтан бокстың артық-кемшілігін білемін. Алғашқы кезде бокс федерациясын Бекет Махмұд деген кісі басқарды. Соның уақытында бокстың жоғары дәрежеге көтерілген кезі еді. Қазіргі бокста тренерлердің өзінде де ақшаға құмарлық деген әбден бел алып кеткен. Осы жолы біздің боксшылардың бәрі шаршап қалған. Бірінші раундта жақсы ойнайды да, екінші, үшінші раундта ешқандай спорттық әрекет жасауға шамалары келмей жатыр. Мұның бәрі шаршаудан болады. Бұл жерде бәрі де бас тренердің бұйрығымен барады ғой. Ол жерде де жабық, бәрі жемқорлық. Олар әбден үйреніп қалған», – деді ол.
        Оның айтуынша, дүниеқұмарлық пен жалпақтауды қою керек.
«Біріншіден, дүниеқұмарлық дегенді тоқтату керек. Екіншіден, бір қазақтың жігіті белгілі бір салмақтан жақсы нәтижемен келсе, соның қасында 20-30 бала жүреді. Жалпақтау басым. Бекзат Саттархановтың өлімінің өзі бізге сабақ болу керек еді. Сондықтан әр нәрсенің шектеуі болу керек. Бұл спортшыларға қатты әсер етеді. Осы жолы барған боксшылар тым нашар деп айта алмаймын, бірақ тіптен дайын емес», – деді ол.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ӘРІБІ!

     ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР, ...

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

       Аудан ...

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ

        ...

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

        ...